Солтүстіктегі ұлттық жобалар

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай КӨЛГІНОВ өткен аптаның сенбі күні Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысымен және «Ауыл Аманаты», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», ​​«Жайлы мектеп» ұлттық жобаларының іске асу барысымен танысты. 

Алтай Сейдірұлы жұмыс сапары барысында 68 заманауи зертханамен жабдықталған Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-дың жаңа оқу-зертханалық корпусына барды. Өткен жылы Аризона университетімен бірігіп, қос дипломды оқу бағдарламасы іске қосылды.

Халықаралық бағдарлама бойынша әр қаладан 155 студент білім алып жатыр. Студенттер үшін 1 700 орындық жаңа жатақхана салынуда. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс орталығы Петропавл қаласында жаңадан төрт мектептің құрылысы басталады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий