Шығыс Қазақстан облысы: Бастауыштағы функционалдық сауаттылық

«Шығыс» өңірлік орталығы «Өрлеу» БАҰО АҚ ШҚО бойынша филиалы Кәсіби даму институтымен бірлескен түрде «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты практикалық семинар ұйымдастырды, – деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Басқосудың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету, Өскемен қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейіндегі бастауыш мұғалімдерінің жұмысымен таныстыру, тәжірибе алмасу болатын. Іс-шараға «Шығыс» өңірлік орталығы директорының міндетін атқарушы Гүлмира Джакупова қатысып, жиналғандардың ортақ жұмысына сәттілік тіледі.

Планерлық бөлімде жергілікті кәсіби даму институтындағы «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Ардақ Касенова «Функционалдық сауаттылық білім берудің сапасы ретінде», №3 мектеп-лицейінің оқу ісінің меңгерушісі Майра Жагыкпанова «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» тақырыптарында баяндама жасады.

«Бастауыш сынып оқушыларының оқу машығын жетілдіру» тақырыбында іс-тәжірбиесін Самар ауданының Жұбандық Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейнің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Фарида Темиргалиева Турсунгалиевна таныстырса, Ш.Уәлиханов атындағы білім ордасының бастауыш сынып мұғалімдері Т.Курманова, Ж. Фаилова, А. Арғынбек, Б. Кобыкбаева, С.Олжабай ашық сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы әдістерімен бөлісті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий