Жинақ тұсаукесері: Ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде оффлайн/онлайн режімінде «Ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізі» жинағының тұсаукесері өтті. 2021-2022 жылдары Ұрпақ тәрбиесін жетілдіру мақсатында Педагогикалық Ғылымдар Академиясы (ПҒА) Абай атындағы ҚазҰПУ және Алматы қаласы білім басқармасымен бірлесе отырып, мектеп оқушыларына тәрбие беру жұмыстарын жетілдіру жобасын жасады.

Бұл жобаны ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті қолдады. Жоба аясында жастарға тәрбие берудің алты өзекті бағыты анықталып, осы бағыттарда нәтижелі жұмыс жүргізу мақсатында 14 Әдістемелік нұсқаулық  дайындалды. Барлық нұсқаулықтар топтастырылып, «Ұрпақ тәрбиесінің құндылықтар негізі» тақырыбында үш бөлімнен тұратын жинақ дайындалды.  Тұсаукесер  рәсімін  Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Д.Біләлов ашып, осы жинақтың маңыздылығына қысқаша тоқталып өтті.

Жобаның ғылыми жетекшісі академик, ПҒА президенті А.Құсайынов, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Ж. Айтпаева Қазақстанның Тұңғыш еңбек Ері А.Миразова, Алматы қаласы маслихатының депутаты Р.Булекбаева, №2 Алматы мемлекеттік гуманитариялық-педагогикалық колледжінің әдіскері А.Ержанова, Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты директорының орынбасары М.Абсатова, №81 мектеп-гимназия директоры Н.Турумбетов, М.Мақатаев атындағы №140 гимназия мұғалімі Д.Сағынғалиев,  ата-аналар атынан Қ.Түгелбаев сөз сөйледі.

Олар 1-ші сыныптан бастап 11-ші сыныпқа дейін оқушыларға, сабақтан тыс уақытта, тәрбие жұмыстарын жүргізудің біртұтас ғылыми-практикалық негізі жасалғанын және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы бұл жинақты орта білім беру ұйымдарының педагогтері тәрбие жұмыстарында қосымша әдістемелік нұсқаулық ретінде қолдануына ұсынылғанын айтып, онымен барлық оқу орындарының қамтамасыз етілуі мақсатында жұмыстар жасау қажеттігіне тоқталды. Осы жинақпен Алматы қаласының барлық қазақ және аралас мектептері қамтамасыз етілген.

Жұлдыз ҚОНЫРОВА,
Педагогикалық Ғылымдар
Академиясының аппарат жетекшісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий