Маңғыстау облысы: Ғылыми-тәжірибелік конференция

Жаңаөзен политехникалық колледжі ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде және әзірлеген жұмыс жоспарына сәйкес АРЕС PetroTechnic жоғары колледжімен бірге «Студенттердің ғылыми қоғамдастығы: пәнаралық зерттеулер» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мақсат – техникалық және кәсіптік білім беру бейіндері бойынша әдістеме мен тәжірибенің жан-жақты мәселелерін талқылау, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған. Міндеттері: оқытылатын пәндерді және олардың пәнаралық байланыстарын зерделеу, оқуға құштарлығын арттыру; студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тарту және зияткерлік-шығармашылық қызметті насихаттау; ғылыми еңбектермен, құжаттармен, мұрағаттық материалдармен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту; көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Конференцияға қатысушылардың жобалық жұмыстары бекітілген сегіз бағыт бойынша сарапқа салынып, үздік көрсеткіштермен дараланған білімгерлер мен олардың жетекші тәлімгерлеріне қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша түрлі дәрежедегі Дипломдар мен арнайы Алғыс хаттар табысталды. Лайықты марапаттарды иеленген жеңімпаздардың ізденісіне шығармашылық табыс тілеп, биік белесті бағындырғандарды шын жүректен құттықтаймыз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий