Тәуелсіз бағалау қорытындысы

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, бес жыл қатарынан қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді. Жұмыс нәтижесінде 200-ден астам салалық сарапшы тартылды, 2040 білім беру бағдарламасы бағаланды, 81 393 түлектің деректері талданды, нәтижесінде 97 оқу орны бойынша 2 мыңнан астам сараптамалық қорытынды жасалды.

Ұлттық палата жоғары оқу орындарын 19 критерий бойынша бағалады. Олардың ішінде негізгілері: жұмысқа орналасу деңгейі, орташа еңбекақы, білім беру бағдарламасын аккредиттеу, оқытушылардың білім сапасы, білім беру бағдарламаларының өзектілігі және тағы да басқалар. – Критерийлер үш негізгі блокқа біріктірілген. Атап айтқанда, түлектердің мансаптық перспективалары, білім беру бағдарламаларының сапасы, білім алушылардың жетістіктері.

«Рейтинг әдістемесі ЖОО өкілдері және сарапшылармен ашық талқылау нәтижесінде қабылданды. Сәйкесінше рейтинг әдістемесі үнемі жаңартылып отырады. Министрлік және «Атамекен» ҰКП мамандары ЖОО басшыларымен ашық талқылау өткізеді және рейтинг білім алушылардың мүддесін қорғауға бағытталған. Түлектер ЖОО-ны аяқтағаннан кейін оларға қандай мансаптық перспективалар ашылатынын түсінуі керек, – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Өткен жылдармен салыстырғанда 2022 жылы жұмысқа орналасудың орташа пайызы 1,8%-ға өсіп, 79,5% -ды құрады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 71%-ға, ал 2021 жылы – 77,7%-ға тең болды. – Түлектердің жұмысқа орналасуын талдау кезінде 2021 жылғы тамыздан бастап 2022 жылғы шілдеге дейінгі әр ай үшін зейнетақы аударымдары ескерілді. Қорытындысы бойынша түлектердің 67,8%-ы немесе 38 725 адам зерттеу кезеңінде зейнетақы жарнасын тұрақты түрде аударып отырған,   – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий