Абайдың қара сөздерінің мәні мен маңызы туралы

Абай өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы не жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымын көрсеткен. Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі Ғабит Мүсірепов мынадай пікір айтады: «Абайдың қасиетті – өз табының тілегінің көп қиналыстар, толғаулар, тәнге – жанға түскен жаралар арқылы жыртылып айырылуында, өз заманынан биік тұруында».

Абай «түзетпек едім заманды, өзімді тым – ақ зор тұтып» деуінде үлкен мән бар. Абай атамыз тәлімгер ұстаз болған еді. Ақын тәрбиеге көнетін жалпы халық емес, жеке адам, оның дара ерекшеліктері. Жеке адамға ақыл, мінез, іс, адамшылықты сақтайтын ұят – намыс керек дегенді айтады. Ал осындай адамшылықты жүрекпен байланыстырады. Жүрек – адамның ішкі сезімі деген ұғымда қолданған. Абай ердің жас елуге келген шағында қара сөздерін жаза бастаған.

Зерттеушілер қазір ол еңбекті философиялық шолу деп түсіндіреді. Онда орта ғасырлық дәстүрлі түрік прозасы үлгісінің әсері аңғарылады. Қара сөз тақырыбын мынадай тақырыптарға бөлуге болады: адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі жайлы; имандылық тақырыбы; жаман мінез, әдеттер; адамгершілік жайлы; қазақ мақалы; қазақ халқы жайлы. Адам психологиясы және бала тәрбиесі жайында ағартушы 7, 10, 20, 25, 31, 41, 43 қара сөздеріне айтқан. Адамның қызығушылығы бір нәрсені, не көріністі білейін, игілігін көрейін деген ерекше ынталануынан шығады.

Қызығу, жан мен тәннің құмары және жас бала психологиясы жайында 7 – қара сөзінде айтқан. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» дейді. Абай қара сөздерінің бір парасы имандылық жайында жетінші қара сөзінде иман құдайға құлшылық, құран сөздері айтылды. Ғалым Зинел – Әдбен Бисенғали былай деді: «Тарихи роман жазу барысында Абайдың дін туралы көзқарастарын былай қойғанда, материалистік философияға келіңкірейтін пікірлері мен толғаныстарын қалай бейнеуге болатыны туралы қаламгер талай ойлаған. Оны алып тастаса, болмаса айналып өтсе, мүлде көрсетпес өмірі мен шығармашылығы күрделі Абайдың көркем бейнесін жазу дегеннің мүмкін еместігін аңғарған».

Бұдан түсінгеніміз гуманист М. Әуезов те Абайдың дін жайлы көзқарастарын түрлі әдіс – тәсілдер арқылы шебер қолданғаны «Абай жолы» романынан көрінеді. Қара сөздердің өзегінде қайшылықты пікірлер, толғаныстар көп, поэтикасы бөлекше, тіл мен құрлысы ерекше. Ол туралы М. Әуезов былайша ой түйіндейді: «Абайдың осы қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді».

Шынымен де, Абай сан сұраққа жауап іздейді. Қара сөздеріндегі «қазақтың жалқау болатұғын себебі не?», «үнемі уайым қайғыға жан шыдай ма екен?», «Ырыс алды – тірлік дейді, бұл қай тірлік?» «Осы ақылды кім үйренеді, насихатта кім тыңдайды?» және тағы да басқа сол сияқты. Абай толғанысынан осындай сұрақ ақын жүрегін тербегенін түсінеміз. Осылай ол өз көзқарасы бойынша сол сұраққа жауапты іздейді. 

Умит Илиясқызы АХМЕТ,
№44 мектеп гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі, Алматы қаласының Түріксіб ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий