Ақтөбе облысы: Жобалық менеджментті оқыту бойынша үшжақты меморандумға қол қойылды

Жобалық менеджментті оқыту» бойынша Ақтөбе облысының білім басқармасы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы және Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдары арасында үш жақты меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Меморандумға сәйкес облыстық білім беру ұйымдарына жобалық басқару әдістері енгізілетін болады. Оқыту ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы базасында өтеді. Оған Ақтөбе қаласындағы №28 орта мектебі мен Мұғалжар ауданы №3 мектеп-гимназиясы, Ақкемер орта мектебі қатысады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий