«Рухани жаңғыру» бағдарламасын пәндік мазмұн бойынша іске асыру
«Еркін елдің болашағы- фундаменталды білім мен дамыған ғылым еншісінде»
Н.Ә. Назарбаев.
12 сәуір 2017 жылы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасын жариялаған болатын. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасымыз халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Бұл ретте Елбасы тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын белгіледі.
- Бәсекелік қабілет. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында.
- Прагматизм. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.
- Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
- Білімнің салтанат құруы. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
- Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. Индустрияландыруды, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа интеллигенцияның қалыптасуын осыған жатқызуға болады.
- Сананың ашықтығы. Оқушының іс-әрекеті: Ел Президенті аталмыш тұғырнамасында білім, ғылымға ерекше басымдық беріп отыр. «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі», – деген Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді. Осы бағдарда ол бабалар ұлағатымен астасып жатқан зерделі ойы мен парасатты пайымын білдіреді: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жүзеге асатын жобалар бекітілді:
- Латын әліпбиіне көшу жобасы.
- «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы.
- «Туған жер» бағдарламасы.
- «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы.
- «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы.
- «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы.
Балдәурен Республикалық оқу-сауықтыру орталығының мұғалімдері де елбасымыздың бағдарламасын көптеген жоспарланған іс-шаралар арқылы жүзеге асыруда. Орталықтың Білім кешенінде екі әдістемелік пән бірлестігі жұмыс істейді: қоғамдық – гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігі, ғылыми – жаратылыстану пәндер әдістемелік бірлестігі. Әр әдістемелік бірлестік жұмыс жоспары бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Әдістемелік кеңестерде, бірлестік отырыстарында жаңа технологияларды, озат тәжірбелерді игерудің жолдары талданып, тәжірибеге енгізу жолға қойылған. Пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында семинарлар, апталықтар, ашық сабақтар жоспар бойынша өтіп отырады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы әдістемелік бірлестіктің ғылыми тақырыбы: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру». 2019-2020 оқу жылында әдістемелік бірлестіктің 15 мұғалімі 25 ашық сабақ өткізіп оқушыларды елін, Отанын сүйетін, дені сау Қазақстанның жаңашыл негізін қалайтын саламатты азаматтарды қалыптастыруға бағыттады. Білім беру үдерісінде пәндік мазмұн арқылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын әр пән мұғалімі іске асыруда. Орыс тілі пәні мұғалімдері Жусупова К.К., Даулбаева Г.Т., Салыкова К.К., Лакомкина Е.В. өз сабақтарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында патриоттық тәрбие беру бойынша мына өсиеттерді қолданалады: (Заповеди, на основе которых строят работу по патриотическому воспитанию обучающихся:)
Цени и оберегай свое Отечество.
- Овладевай, совершенствуй и сохраняй традиции и культуру своего народа.
- Дорожи историей своего народа.
- Свято относись к символике своей страны.
- Береги красоту своего края.
Ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуде елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы «Тілдердің ұштұғырлығы» мәдени жобасы басшылыққа алған. Сондықтан ағылшын тілі пәні мұғалімдері Шакиева Б.К., Темирбулатова Э.Д., Кажкенова А.К. сабақтарында оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу барысында нақты бағыт пен мазмұнды ұстанады: Оқушылардың ағылшын тіліндегі мәдени мұра құндылықтарын елжандылық сезіммен қабылдауы; ағылшын тілін оқып үйренудің елжандылық мүмкіндіктерін білуі және түсінуі.
Ағылшын тілін оқытудағы ұлттық ойындарды пайдалану тиімді болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақта ағылшын тілі мұғалімдері қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдап жатады.
Тарих пәні мұғалімдері Яковенко А.А., Исмагамбетов М.К. – «Туған жер», «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын өз сабақтарында іске асыруда. Оқушыларға Бурабай өңіріндегі тарихи мұражайына саяхатты, Ботай мәдениетінің жауhaр жәдігерлерін, көне мекеннің көмескі тартып барып қайта жаңғырған сұлбасын аралатты. Тарих – туған жерден басталады, сондықтан тарих пәні мұғалімдері сабақта әр оқушы өз елінің, жерінің, атақты тұлғаларын, көне жерлерін білуге бағыттайды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Калиева С.С., Сейсен Б., Бытишева А.Б., Ерденова А.Ж., Сарсенбаева Д.Ж. өз сабақтарында ең бастысы – жас ұрпақтың бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады.
Қазақстандық патриотизмнің негізгі компоненттерін сабақ барысында үнемі дамытады:
- Отан тағдырына деген жауапкершілік сезімін арттыру;
- Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрену;
- Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің құқықтарына құрметпен қарау;
- Ана тілін білу;
- Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық салт – дәстүріне және әдет – ғұрпына құрметпен қарай білу;
- Қазақстан халықтарының келісімі мен ұлтаралық бірлігін сақтау.
Қазақстанның барлық жалпы білім беретін мектептерінде өзін-өзі тану сабақтары ар- ұждан сабақтары болып табылады. Өзін-өзі тану мұғалімдері Бупакова А.Б., Амиргалиева Н.М. өз сабақтарында рухани адамгершілік білім беріп, оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелейді.
Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру барысында білім кешені мұғалімдері «Мен – өз елімнің азаматымын!», «Аңызды өлке – Бурабай», «Ұлы даланың жеті қыры» атты тәрбие сағаттарын, А.Құнанбаевтің 175 жылдығына орай «Абай-дана, Абай-дара!», С.Сейфуллин туған күніне орай «Қазақ әдебиетінің сұңқары», «Елжанды жастар», «Тіл-халық жаны» атты әдеби-сазды кештерін, Ұлы тұлғалармен кездесулерін, «Мен-өз елімнің азаматымын!», халықаралық онлайн достық телекөпірін, «Латын әліпбиіне көшу» дөңгелек үстелдерін, пікірталас алаңдарын, мәнерлеп оқу сайыстарын, эссе жазу байқауларын, интеллектуалдық сайыстарын іске асыруда.
Елбасының бағдарламалық мақаласын жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болайық!
Темирбулатова Эльмира Дулатовна
«Балдәурен» РОСО, қоғамдық- гуманитарлық бағытындағы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі.
Загрузка...
