Астана қаласы: Жергілікті балабақшалар Түркия мемлекетінде “Бестемше” ұлттық ойынын таныстырды

Астана қалалық білім басқармасының қолдауы бойынша Әдістемелік орталықтың сүйемелдеуімен «Бестемше» инновациялық жобаға қатысушы №№5,28,29,44,51,56,61,66,70 елордалық мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілері мен әдіскерлері Түркия мемлекетінің Анталия қаласында «Зияткерлік ойындардың жасөспірімнің когнитивтік қасиеттерін дамытудағы маңызы» атты халықаралық семинарға қатысуда, – деп хабарлайды осы мегаполистегі салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Елордалық балабақшалар халықаралық іс-шарада «Бестемше» және «Алаңдағы бестемше» ойынының ережесі мен маңыздылығы бойынша шетелдік әріптестермен іс-тәжірибе алмасты. Астана қаласының №5 «Ақбота» балабақша меңгерушісі М. Жолбарысова «Бестемше» ойынына кейбір ерекшеліктер енгізіп, «Алаңдағы бестемше» ретінде қолданысқа ұсынуда.
Бұдан әрі ойынға екі баладан көп балалар қатыса алады, яғни «Бестемше» ойынын топпен ойнауға ұсынып отыр. Заманауи тұрғыда бейімделген «Алаңдағы бестемше» ойынына қатысатын баланың саны 10-ға дейін артып, балаларды қимыл-қозғалысқа түсіп, ептілікке баулитындығын зерттеп, жаңартып шетелдік әріптестерге таныстырылым жасап, ойнап көрсетті.
Халықаралық семинарға Қазақстаннан бөлек, Түркия, Қырғызстан, Чехия, АҚШ тан 100 ге жуық мамандар келген. «Бестемше» инновациялық жобасы 2022 жылдан бастап 38 елордалық мектепке дейінгі ұйымдар арасында жүргізіліп келеді, сонымен қатар Астана қаласының Білім басқармасы тұрақты түрде балабақшалар арасында қалалық жарыстар, олимпиадалардың қалалық кезеңін ұйымдастырып отырады.
Қазіргі таңда ұлттық ойынымызға деген қызығушылық кеңінен артуда. Атап айтсақ, «Бестемше» ұлттық ойыны мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық, логикалық және зияткерлік дағдыларының дамуына үлкен үлес қосуда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий