Ақтөбеде Heriot-watt университетінің филиалы ашылады

Министр Саясат Нұрбектің Ұлыбританияға іссапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Heriot-Watt университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды осы бейіндік ведомстваның баспасөз қызметі.
Эдинбург қаласында өткен кездесуде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасова және Heriot-Watt университеті меморандум аясында жүзеге асатын қадамдарды нақтылап, бірлесе атқаратын жұмыстар бойынша жоспар жасады.
Айта кетейік, бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары білім беру жүйесін экономиканың сұраныстарына сай қайта форматтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, оның ішінде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жолымен іске аспақ.
Осыдан екі ай бұрын Ұлыбританиядағы Heriot-Watt университетінің ректоры Марк Биггс Ақтөбеге арнайы келіп, облыс және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің басшылығымен кездесті. Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен Heriot-Watt университеті Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында үш («Мұнай-газ ісі», «Электронергетика», «Компьютерлік инженерия») бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламасын ашады.
Бұл мамандықтар өңірдің сұранысына қарай таңдалып отыр. Жоғары оқу орындарының арасындағы серіктестік отандық техникалық және IT мамандарды бірлесе дайындауға бағытталған. Оқуды аяқтаған студенттерге Heriot-Watt университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің қос дипломы беріледі.
Бұл мамандықтар Ұлыбританиялық стандарт бойынша оқытылып, сапаны Heriot-Watt Университеті бақылайды. Талапкерлерді қабылдау келесі оқу жылында басталады. Алдағы уақытта екі жоо арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламалары белсенді дамитын болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий