Балдәурен: Әлем балалар көзімен

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының жергілікті филиалында биылғы бірінші ауысым басталды. Біз айналаны, қоғамды, толассыз тіршілікті бақылап, көшінен қалыс қалмауға тырысып келеміз. Бұл ауысымның ерекшелігімен мәні де осы тұста болып тұр. Біз бұл ауысымда барша әлемге балалар көзімен қарауды жөн көрдік. Балалардың ішкі – жан дүниесін түсіне отырып, жан-жақты қырынан танып білуге тәрбиелеу.

«Әлем балалар көзімен» сүйіспеншілік пен қамқорлық акциясы» тақырыбындағы жүздесудің алғашқы екі күні балаларды орталық ережелерімен таныстырып, психолог мамандар ұйымдастырған бекет бойынша ойындарды ойнаумен басталды. Иә, бізде бәрі көңілді ортаға бейімделген мамандармен қызметкерлер болғандықтан, балаларға көңіл сыйлау, жаңа ортаға бейімдеу сияқты жұмыстарды жасауда алдына жан салмайтыны бесенеден белгілі.

Әр аймақтан жиналған балаларды бір- бірімен таныстыру мақсатында «Бақыт ордасы» деп аталатын қызықты танысу кеші өтті. Олардың достықтарына тағы бір қадам жасадық. Балалар жиырма күндік демалыс кезінде өздеріне патриоттық сезім, жаңа дос, жаңа қабілеттер жинай отырып, білім алуда да қалыс қалмайды. «Балаға үйретуден жалықпаймыз» деп ұрандап, білікті  ұстаздар шоғырланған білім бөлімі «Білім кемесінде» деген атаумен мектеп презентациясын ұйымдастырды.

Сонымен қатар, орталықта әртүрлі қызығушылық үйірмелері өткізіледі. Ауысымның қатысушылары, мақсат міндеттері қамтылып, тақырыпқа сай іс-шара өтті. Балалар арасынан көшбасшылық қабілеті жоғары балалар іріктеліп, өзін-өзі басқару ұйымы құрылып, президент пен министрлер сайланды. Балаларға берер насихат тәлімі көп кезекті ауысымнан күтер үмітіміз аз емес. Келген қатысушы балалардың қызығушылығына қарасаң көңіл қуантады.

Кезегімен жоспарланған іс-шаралармен байқаулар да басталып кетті. Алғашқы топпен өнер көрсететін сахналық байқау «Бір үйдің баласындай» атты топ визиткасын қорғау кеші жоғары деңгейде өтті. Артынша «Жастар алаңы» деген атаумен Жастар педагогикалық тобымен және орталық қызметкерлерімен танысу мақсатына негізделген танысу кеші болды. Іс-шаралар өз деңгейінде, балалардың көңілінен шықты.

Балдәурендегі демалыс уақытында біріне әке, біріне ана бола алатын ұстаздардың өнерлеріне барлығы дән риза. Балалардың жексенбі күндеріне де жақсы жоспар құрылып актер, әнші Олжас Абай мырзамен кездесу ұйымдастырылды. Халықтың сүйікті әншісінің балаларға берген тәлімі жетерлік. Орталықтың атынан алғыс білдіреміз. Орталықта қызықты би кештері ұйымдастырылып, бала қуанышы өз жалғасын тауып жатты. Біліммен ғылымға көңіл бөлуді де қалыс қалдырған жоқпыз.

«Менің арманымдағы мектеп» TEDx форматындағы конференция жасалды. Оқушылар өз армандарындағы мектептің жобасын қорғап бәрімізді таңғалдырды. Бұл іс-шара болашақ жастардың қолында екенін тағыда дәлелдеді. Барлығының көңілінен шыққан, тартысты өткен байқау «Creative Dance» би байқауы болғанына ешкімнің таласы болған жоқ. Балалар өздерін жаңа қыранан танып, жаңа жеңістерге жетті. Осы ауысым өтілетін уақыттар аралығында туған күні болатын туған күн иелеріне арнап концерт жасау біздің дәстүрімізге айналған.

Барша туған күн иелерін қауым болып құттықтап, ізгі тілектер айттық.  Сахна өнерінде, білім алудыда жақсы деңгейде өткізген балалар енді спорттық ойындардан екі күнге созылған олимпиялық ойындардан да сүрінбей өтті. Балалардың ұшқырлықтарын дамыту мақсатында квест ойындарымен интелектуалды жарыстар ұйымдастырылды. Осындай әсерге риза балалар өз көңіл күйлерін «Bal liga» жайдарман ойындарымен көрсетті.

Мереке Жанкелді ЖАНБОЛАТҰЛЫ,
«Балдәурен» РОСО ғылыми-әдістемелік
бөлімнің әдіскері, Алматы облысының Қонаев қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий