Ақтөбе облысы: Ауылдық мектеп ашылды

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Есқали Саламатов және Құмжарған ауылының тұрғындары 60 орындық мектептің ашылуына қатысты, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жаңа мерзімдегі бірінші Жарлығында ауылдық аумақтарды дамытуға ерекше назар аударды. Осы тапсырманы орындау мақсатында 2022 жылы біздің өңірде ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Жобаны қаржыландыруға алты миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Сондай-ақ, біз «Білім all» өңірлік жобасын бірінші болып іске қостық, оның аясында облыс бойынша 10 мыңнан астам оқушы, оның ішінде Құмжарған негізгі мектебінің елу шәкіртін Ақтөбенің үздік педагогтары оқытады.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық мекемелердің халыққа қолжетімді ету және медициналық қызметтердің сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту мәселелері шешілуде. Ауылдағы әрбір тұрғын маңызды, – деді Ералы Лұқпанұлы.

Есқали Амангелдіұлы ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген қаражатты мектеп салуға бағыттауды тапсырғанын алға тартты. Бұл тапсырманы орындау мақсатында елімізде алғаш рет осы ауылдағы орта мектеп пайдалануға берілді. Жаңа ғимараттың құрылысына сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істерді тергеу кезінде өтелген қаражат пайдаланылған. Құрылысы ұзаққа созылған жобаны аяқтауға 150 миллион теңге жұмсалды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий