Семейлік зияткерлер Гонконгтан шақырту алды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушылары Аида Маргарян мен Даяна Аманова Гонконг Баптист университетінің (Hong Kong Baptist University)  толық грантына ие болды. Азиядағы үздік 50, әлемдегі үздік 300 университеттің санатына кіретін аталған жоғары оқу орны 1956 жылдан бері жұмыс жасайды.

-Мектеп бітіруші түлек үшін болашақ мамандығын дұрыс таңдай білу өте маңызды. Ойлана келе, отандық және шетелдік бірнеше маңдайалды оқу орындарына өз құжаттарымызды жолдадық. Олардың арасында АҚШ, Венгрия, Гонконг, Сингапур сынды мемлекеттердегі университеттер бар. Дегенмен, солардың алды болып  біздің толық грантқа ие болғанымыз туралы Гонконгтан сүйінші хабар жетті, -дейді қос қызымыз.

Күнделікті сабақ процесінен бөлек, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар сайысына қатысып жүрген шәкірттеріміздің қуанышына достары мен ұстаздары да ортақтасты. Болашақтарын бизнеске қатысты мамандықпен байланыстырғысы келетін қыздардың түпкі ойлары ел дамуына елеулі үлес қосу.

Семей қаласындағы физика-математика
бағытындағы 
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
баспасөз қызметі, Абай облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий