Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде “QazTehna” ЖШС мамандандырылған аудиториясы ашылды

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің экономика және халықаралық бизнес кафедрасының базасында «QazTehna» ЖШС мамандандырылған аудиториясының ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Ашылу салтанатына «QazTehna» ЖШС Бас директорының орынбасары Ермек Омаров, персоналды басқару бастығы Мария Щелупанова, корпоративтік университетінің басшысы Айдос Айтбаев, Басқарма төрағасы – ректор Нұрлан Дулатбеков, экономика факультетінің деканы және экономика және халықаралық бизнес кафедрасының ғалымдары қатысты.
Кәсіпорын базасында сабақтар, біліктілікті арттыру курстары және дипломдық жұмыстарды қорғау өткізіледі. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында зауыт қызметкерлері бакалавриаттың білім беру бағдарламаларында білім алып, студенттердің ғылыми және қорытынды жұмыстарының рецензенттері болып табылады. Кәсіпорын басшылығымен бірлесіп HR заманауи бағыттары мен трендтері бойынша оқу құралын жазу жұмыстары басталды.
Университетпен ынтымақтастықтың Жол картасы аясында «QazTehna» ЖШС тиімді оқу процесін ұйымдастыру үшін қажетті жабдықтар мен ақпараттық-әдістемелік материалдарды ұсынды. Жаңа мамандандырылған аудитория тиісті дайындық бейініндегі студенттердің практикалық сабақтарын өткізуге арналған алаң ретінде қызмет ететін болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий