Маңғыстау облысы: Мамандық әлемін ашамыз

Тәуелсіз мемлекетіміздің еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін мектептердің жоғары сыныбында білім алушылардың қазіргі заман талабына сай және бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуы ерекше маңызға ие, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ақтау қаласындағы Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың 7-9 сынып оқушылары арасында мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту мақсатында төрт кезеңді құрайтын «Мамандық әлемін ашамыз» байқауы ұйымдастырылды. «Осындай мамандық бар» презентациялар байқауына сыныптар туризм, сату маманы, шаштараз мамандықтары бойынша жұмыстар дайындаған.

«Мамандықты таңдайтын уақыт» бейне блогерлер байқауына екі жұмыс ұсынылды. «Менің кәсібім – менің бизнесім» бизнес жоспарлар аталымына оқушылар сүт өңдеу, мектеп жанынан жылыжай ашу, спорт үйірмесін жүргізу сияқты жобаларды алған. «Мамандық кеше, бүгін, ертең» вайндар байқауына қатысқан жұмыстар да жаңашыл жастардың шығармашылықпен әзірленгенін көрсетті. Қорытынды кезеңде әділ қазылар алқасындағы түрлі мамандық иелері мен тәжірибелі мамандардың тарапынан үздік баға алған жоба иелері арнайы жүлделермен марапатталып, ізденістерін дамыту бағытындағы ақыл-кеңестер берілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий