Түркістан облысы: Робототехникаға құмар бала
Шардара ауданындағы «Ұзын – Ата» жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Баймұханбет Диас сабақтан тыс уақытында робототехникамен айналысып, қиялындағы арманына сәйкес жаңа жобалар бойынша тынымсыз ізденіс жұмыстарын жүйелі жүргізуде. Нәтижесіне ол «Smart» домбыра, «Көмекші робот», «Пультпен басқаратын трактор» жасап шығар,анын жариялады, – деп хабарлайды Түркістан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Smart» домбыра арнайы флечкаға жазылған күйлерді ретімен ойнатады. Ал «Көмекші робот» болса, вирустың өршуіне жол бермейді. Қашықтан телефон арқылы басқарылып, антисептик шашып залалсызандырады. Дабыл жүйесі де орнатылған. «Пультпен басқарылатын трактор» арнайы құрылғының көмегімен қозғалады. Алдыңғы артқы “фарларын” жағады және сигнал жүйесі іске қосылады.
Дарынды шәкіртінің заманауи техникаларға ерекше қызығушылығын байқаған жетекшісі Қаныбекова Гүлнұр жігерлі жеткіншектің талантын ұштап, бағыт пен бағдар беру арқылы білімін жетілдіруде. Робототехника саласын пайдалану арқылы оқушылардың құрастырушылық ойлау қабілетін дамытуға және өнертапқыштыққа баулуға, білім беру ұйымдарының оқушылары мен педагогтерінің тәжірибе алмасуына және өзара әрекеттесуіне жағдай жасауға, оқушылардың арттыруға бағытталған.
Роботтар арқылы адамның жасайтын жұмысын техника арқылы жылдам жасау. Зерттеу барысында тал бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын табиғи қабілеті арқылы зейінді зерттеуінде пайдаланып қана қоймай өмірлік тәжірибеде де қолдана білу. Алдағы уақытта болашағынан үлкен үміт күттіріп отырған жас ғалымнан жаңаша тың жаңалық күтетін боламыз.
Загрузка...