Республикалық олимпиаданың екінші кезеңіне төрт мыңнан астам ақмолалық оқушы қатысты

30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Ақмола облысының 20 тірек мектебінде 2022-2023 оқу жылының 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық, қалалық) кезеңі өтті. Бұл күндері олимпиадаға 4214 оқушы қатысты. Іріктеу кезеңі классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде, бір турда өткізілді, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада электрондық форматта «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде вебкамера, фотофиксациямен прокторинг сервисін қолданумен әр минут сайын скрин түсіру арқылы өтті. Олимпиаданы өткізудің барлық процесі жазумен және тікелей эфирмен Youtube арнада қамтамасыз етілді.

Олимпиаданы өткізудің барлық күндеріне мүдделі емес үшінші тұлғалар шақырылды: ата-аналар комитеттерінің өкілдері, журналистер, ғалымдар мен ЖОО оқытушылары. Олимпиада 2 бағыт бойынша (жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық) 15 жалпы білім беретін пәннен өтті. ІІ кезеңнің жеңімпаздары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III (облыстық) кезеңіне қатысады. Құттықтаймыз! Келесі турға сәттілік тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий