Атырау облысы: Жылыой ауданындағы мектеп асханасы жаңғыртылды

Жаңа Қаратон кентіндегі №22 мектеп асханасы жаңғыртудан өтті. Асхананың есігінен бастап, төбеде ілінген жарық шамдарына дейін бәрі өзгерді. Тіпті, қол жуғыш пен әжетхана да жаңартылды. Сондай-ақ, асханаға арналған жаңа құрал-жабдықтар мен үстелдер қойылып отыр, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Жаңғырту жұмысына тапсырыс беруші №22 мектептің басшылығы. Бұл жұмыстар Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінде жасалған болатын. Ал бала санына келер болсақ, мектептегі оқушы саны 846, оның ішінде 1-4 сыныптағы 373 оқушы және әлеуметтік жағдайы төмен 35 оқушы тегін тамақтанады,- деді Жаңа Қаратон кентінің әкімі Сансызбай Баймұратов.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий