Шымкент қаласы: Биылғы жылы жаңадан отыз балабақша ашылатын болады

2023 жылға Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2-6 жас аралығында қамту жоспары – 82,8%, 3-6 жас – 100% қамтуды орындау жоспарланған. Аталған бағытта балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту үшін жан басына шаққандығы қаржыландыру нормативіне сәйкес, 2023 жылға әр балаға 45 603 теңге болып белгіленіп, 39 млрд. 748 млн. тг. қаржы қаралды, – деп хабарлайды Шымкент қаласындағы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда, қаладағы 587 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 1-6 жас аралығындағы кезекте тұрған 85 830 баланың – 93%-ы (79 857 бала) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған. Оның ішінде, 3-6 жас аралығындағы 63 601 бала – 100%, 2-6 жас аралығындағы 81 314 баланың 94% (76 619 бала) қамтылған.
2025 жылға 9000 жаңа орын ашу жоспарлануда. 2023 жылы 4000 орындық 30 балабақша ашылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий