Құндылық: Тәрбие басы – тіл

Қазіргі уақытта заманымыздың дамып, өркениетке бет бұрған сайын қазақ тілінің мәртебесінің төмендей бастағаны байқалады. Қоғамда әртүрлі пікірлер қалыптасып, төл тіліміз қазақ тіліне деген жастардың көзқарасы өзгеріп, өзге елдердің тілдеріне еліктеу белең алады. Тіпті көптеген туристер үшін сырлы,әдемі де көрнекті қазақ тілінің беделі түсіп жатқанына сене алмайтындар да жетеді.

Ал жастар осының қандай еңбекпен,тауқыметпен келгенін біле ме екен? Қазақ тілі бірнеше рет бұрмаланғанның өзінде қазақ зиялылары оның жойылмауына атсалысты. Халық арасында тілдің тазалығының орнауына да ден қойды. Осындай ұлы тұлғалардың бірі ретінде Ахмет Байтұрсынұлын айтуға болады. Алаш арысы атанған тарихи тұлға – қазақтың алғаш әліпбиін жасап, тіл ғылымында өзіндік белгісін айқындаған зиялы қауымның мүшесі, ағартушы ұстаз.

Ол тіл саласында көптеген жаңалықтарды ашып, ережелер мен емлелерді жасаған. Мемлекет жәнее қоғам қайраткері ретінде танылған ғұлама құнды еңбектерін жариялап қана қоймай, сол кездегі сауатын ашып, ұстаздық жоды таңдап оқушылардың тілді құрметтеуге,қадірлеуге құлшынысын арттырды. «Маса», “Қырық мысал” жинақтары қараңғыда сәуле болған, халықтың қалың ұйқыдан оянуына әсер еткен, ел үшін қызмет еткен Ахмет атамыздың ұлылығының дәлелі бола алады.

Сонау замандардың өзінде ішкі жан дүниесін құндылықтарға толтырып, патриоттық, сүйіспеншілік сынды сезімдерді бойға сіңіріп өскен Ахмет Байтұрсынұлы бүкіл ұлт үшін үлгі тұлға екені сөзсіз. Осындай ұлы, даңқты тұлғаның көздің қарашығындай сақтап, күресіп, келер ұрпаққа аманат етіп қалдырған тіліне қалайша қиянат етуге болады? Бұл мәселені шешу үшін ұлттық, отбасылық құндылықтарды дәріптеп, бойға дарыту қажеттілігі сезіледі.

Ахмет атамыз секілді тұлғалардың ғұламатты, ғибратты өмірлері туралы түсірілген фильмдер, сахналанған спектакльдерді көруге барша жанды ұмтылдыру қажет. Бұл орайда «Ахмет. Ұлт ұстазы» фильмі интеллигенция өкілдерінің  өмірі, көрген тауқыметтері, кез-келген тығырыққа тірелген сәттерде өздерін байсалды, сабырлы ұстауы, адами қасиеттерді алға тартуы, ұлт мүддесі үшін еңбек етуін үлгі етіп көрсету құндылық дарытуда, халықтың сана-сезімін оятуда таптырмас қазына.

Бұл фильм түсініп қараған адамды жалықтырмай, кеудесіне сәуле құйғандай әсер ететін, тарихты білуге, зиялыларды қадірлеуге үйретеді. Бұдан бөлек те «Оян,қазақ!», «Тар заман» көркемфильмдерін көпшілік арасында таратып, отбасы мүшелерімен бірге қарап, салауатты сұхбат құра отырып, қазіргі кеселді-тілге деген құрметсіздікті, жастар арасында туған тіл туралы көзқарасты өзгертуге болады.

Ләззат Тулегеновна ЕСЕНГАЗИНА,
Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік
мектебінің педагог-ұйымдастырушы-кураторы,
Шынар Жанболатқызы БЕКБОЛАТ,
10 «В» сынып оқушысы, Маңғыстау облысы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий