Мектепке дейінгі тәрбие: Өзгенің бақытын аялағандар

Қазақ қай уақытта болмасын өз ұрпағымен мақтанған халық. Дүниенің жарқын жақтарын өз ұрпағының  жетістіктерінен көре білген – дана халық. – Ұстаз… жаратылысынан өзіне  айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің  бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын,  мейлінше шешен, өнер – білімге  құштар,  жақындарына да, жат  адамдарына да әділ…, жұрттың  бәріне … жақсылық  пен ізгілік  көрсетіп, батыл, ержүрек болуы керек. – дейді атақты ойшыл бабамыз әл – Фараби.

Біздің ұйымжыл ұжым осындай қасиеттерді бойларына сіңірген, бала бақытын аялай білген жандармен толыққан. Балабақша меңгерушісі  Еламанова  Бинур   өзі сондай еңбекқор, жан – жақты, жауапкершілікті, талапшыл, турашыл жан. Бинур  Тохтасынқызының білікті басшылығымен аудандағы тоғыз мектепке дейінгі білім беру ұйымының алдыңғы  қатарында.

Әріптестеріміз мамандығын адал әрі абыроймен атқаруда өте белсенді және тиянақтылығымен өзгелерге өнеге. Қашан көрсең  – жүзінен күлкі үйрілген жаңашыл жетекшісіз барлығымызға өмірде  бәрінен   жол табуға болады, тек адал  жұмыс  жаса деп үйретеді. Кейінгі буын өкілдері ретінде жаңадан келген жас мамандарымыз да жауапты жұмыстарына мығым.

Оларға Жунусова Ардак  Кубеевна, Салыкова Акмарал  Ахметовна, Дудабаева Ардак Матанбековна, Жакипбекова Гулжан Сейткасымовна, Копешова Гульзада Калдыбековна және Турманова Эльмира Уразымбетовна  есімді тәжірибелі тәлімгерлер әрдайым қолдау мен көмектерін көрсетіп, бағыт пен бағдар беруден жалыққан емес.

Және де отандық педагогика саласындағы, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдағы жұмысты тиянақты, жүйелі жүзеге асыруымызға қолдау көрсетіп отырған педагогика ғылымдарының доценті, қазақ халқының жанашыры, «Сиқырлы қалам» бағдарламасының  авторы, ғылыми зерттеуге негізделген көптеген ізденісті еңбектері республикалық белелді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қалың қауымға таратылған зейнеткер ұстазымыз Еденбаева Зауре Дуненбековнаның нәтижелі еңбегі орасан зор.

Қазіргі уақыт талабы «Бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын – заман» – демекші, кейде отырып, түрлі ойға бататының рас. Бүгінгі таңдағы қарбалас тіршілікте кімді болмасын, ойландыратын, алға ұмтылуға  түрткі болатын жағдайлар өте көп. Соның  бірі әлеуметтік желілердегі  ақпараттар. Жаһандық ғаламтордағы мәліметтерден керегіңді ала білу, оны жүзеге  асырып, қолдана білу бұл нағыз шығармашыл жанның  іс – әрекеті.

Осындай мүмкіндіктерді жіті меңгеріп жүрген жас мамандарымыз Баймурзаева Роза Калжановна, Журтбаева Гулнур Мухаметжановна, Дуйсенбаева Асем Советбековна, Асканбаева Макпал Касенгазиевна және тағы да басқалар. Заман сұранысына сай көптеген мамандар интернеттің мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білуді үйренуде.

Біздің педагогтар балаларға қуаныш сыйлауда оқу іс – әрекеттерінде қызықты видеолар, сергіту сәттері, балаларға арналған әндер, мультфильмдер мен ертегілер  қолданады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – әрбір  адам өзінің жасаған ісін  шынайы жақсы көрсе, шығар шыңы биік  болатынына сенемін.

Гүлнұр Теңізбайқызы СӘРСЕНБАЕВА,
“Күншуақ” бөбекжай – балабақшасының
әдіскері, Алматы  облысы, Іле ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий