Қостанай облысы: Адамды мамандық таңдамайды
«Менің сыныбым-Агрокласс!» аталатын инновациялық жобасына сәйкес аймақтағы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің үйлестіруімен Қостанай ауылшаруашылығы колледжінің 2П-4 тобында оқитын студент Серов Богдан «Шығармашылық шеберхана» аясында семинар-практикум ұйымдастырды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Қарасу ауданындағы Люблин жалпы білім беретін мектебінің базасындағы кездесуге жиналғандар алдында сөз сөйлеген болашақ жас маманның оқушыларға арнауы екі бөлімді құрады. Алғашқысы «Сәттілік рецептері» атты тұсаукесері, онда ол өзінің колледждегі оқуы туралы, өзінің жобалары мен жалпы студенттік өмірі туралы айтып берді. Екінші бөлімі – тәжірибелік. Богдан мектеп оқушыларына трайфлдер мен кекстерді безендіруді көрсетті.
Загрузка...Балалар үлкен қуанышпен қатысты. Өндірістік оқыту шебері В. С. Куштальдың жетекшілігімен Богданның курстастары балаларға арналған «Бақыт үзіндісі» атты көрмесін ұйымдастырды: алма зефирі, сүзбе қосылған ірімшіктер, асқабақ тоқаштары, шоколадты мусс, меренг орамы, балалар мобасы (аққулар, саңырауқұлақтар). Керемет іс-шара, дәмді кондитерлік өнімдер, жағымды эмоциялар!