Национальный колорит и цифровые технологии
2,6 трлн тенге выделят на реализацию проекта «Комфортная школа». В течение трех лет на эти средства планируется построить 401 школу. Об этом шла речь на очередном заседании Общественного совета АО «Самрук-Қазына».
– 500 млрд тенге будут выделены из республиканского бюджета, остальные 1 трлн 100 млрд тенге – из Национального фонда. Общая сумма – 2,6 трлн тенге, из них на строительство направят 2,4 трлн тенге, 200 млрд тенге – на содержание построенных школ, – сказал председатель правления АО «SK-Construction» Маулен Айманбетов.
Он также сообщил, что при проектировании интерьера, дизайна и архитектуры новых комфортных школ будет выдвинуто требование выполнить ряд элементов в национальном казахском стиле.
– Школы нового типа будут построены до конца 2025 года не только в городах, но и в самых удаленных населенных пунктах во всех регионах РК. При строительстве будут применяться материалы казахстанского производства.
Также в процесс строительства планируется привлечь лучших архитекторов и дизайнеров страны. Будут применены современные технологии. Подготовка проектно-сметной документации будет проведена на основе открытого конкурса, – сказал Маулен Айманбетов.
Новые здания планируется строить по современным технологиям с учетом потребностей всех учащихся. В комфортных школах будут созданы все необходимые условия для особенных детей. Будет создана безбарьерная среда: специальные пандусы, лифты, туалетные комнаты. Также в каждой школе должен быть кабинет поддержки инклюзивного образования. Все это создаст необходимые предпосылки для успешной адаптации ребят в обществе.
Новые школы будут семи типов: на 300, 600, 900, 1200, 1500, 2000 и 2500 мест. В каждой из них должны быть кабинеты робототехники, несколько лабораторий, зал хореографии площадью 88 кв. м, три коворкинга (для младшеклассников, средних классов и учителей). В школах также будут отдельные спортивные и тренажерные залы для начальных классов (9х18 м) и для средней/старшей школы (36х18 м). В каждом классе будет интерактивная школьная доска и компьютеры.
В первую очередь новые школы будут строить в тех регионах, где уже сейчас острее всего ощущается дефицит ученических мест. Согласно утвержденному плану, больше всего школ появится в Алматинской области (63), Туркестанской области (63), Шымкенте (25), Мангистауской области (24), Астане (24) и Алматы (22). Остальные школы будут равномерно распределены по всему Казахстану, включая малые города.
Уже определены подробные сроки строительства школ и число новых ученических мест. Например, в 63 новых школах Алматинской области смогут учиться около 136 тыс. ребят. В 25 новых школах столицы – 88 тысяч.
Школы нового образца будут иметь отдельные блоки для начальных классов, для основной и средней школы с размещением в них столовых с обеденными или буфетными залами, а также спортивных залов (в отдельных блоках для классов предшкольной подготовки и 1-4 классов, для 5-11 классов). При этом количество площади спортивных залов в комфортных школах увеличено в 1,5-2 раза по сравнению с учреждениями образования стандартного образца.
В новых школах предусматривается многофункциональный актовый зал с возможностью трансформации, а также библиотека с книгохранилищем и читальным залом, в которых будут применены современные технологии температурного режима, направленного на сохранение книжного фонда, медиатекой, электронной библиотекой, коворкинг-зоной для чтения и досуга на каждом этаже учреждения.
Будут созданы универсальные мастерские и творческие студии, кабинеты для начального профессионального образования (швея, кулинар, IT-специалист, плотник и другое) с соответствующим оборудованием нового поколения.
Предусматриваются релакс-зоны тихого отдыха как для учеников, так и для учителей, а также универсальные спортивные площадки различного профиля, по различным видам спорта.
Реализация Национального проекта «Комфортная школа» позволит создать в стране через 2 года более 100 тысяч рабочих мест и сократить дефицит ученических мест.
Позицию Министерства просвещения подробно раскрыла в своем выступлении первый вице-министр Шолпан Каринова.
«Жайлы мектеп» жобасының жаңашылдығы
– «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бойынша қолға алынғанын айрықша атап айтқым келеді, – деді осы басқосудың барысында жиналғандар алдында сөз сөйлеген ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова. – Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау барысында ең бастапқы кезеңде осы ұлттық жобаны әзірлеу міндеті жүктелген біздің бейіндік ведомство осы жоба аясында салынатын заманауи бағыттағы жаңа білім ордаларын салу барысында қандай ұстанымды назарға алуымыз қажет, бірінші бағытта не мақсат тұр деген салмақты сауалдарға нақты жауап беру көзделді. Бұл мақсатта ел Үкіметінің мүшелері мен тиісті салалық министрліктің лауазымды тұлғаларына қоса мүдделі құрылымдардың өкілдерінен жасақталған ҚР Президенті Әкімшілігінің жанындағы арнайы жұмыс тобы жұмыла жұмыс істеді.
Шолпан Таңатқызының мәлімдеуінше, осы жұмыс тобының отырыстарында ең батысы білім беру ұйымдарын салу ісі республика аумағында бірінші мәрте қолға алынып отырмағаны ескерілген. Демек мектеп құрылысының жүргізілуі жыл сайын қайталанып келеді. Нәтижесінде мемлекеттің қолдауымен соңғы жиырма жылда бір мыңнан астам білім шаңырағы ел игілігі үшін пайдалануға берілген екен. Бұл, әрине, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру бағытында атқарылған ауқымды шара. Бірақ жаңа заманның талабына сай жайлы мектептердің қажеттілігі өзекті мәселе ретінде күн тәртібіне қойылды.
– Себебі осы мерзім аралығында жинақталған тәжірибені зерделеу барысында орнын толтыруымыз қажет олқылықтар мен түзетілуі тиіс кемшіліктердің бары анықталған болатын. Ел аумағында бес жүзден астам мектеп елу-жетпіс жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп тұр. Әрине, оларды алдағы кезде жаңа ғимараттарға ауыстыруымыз қажет, – деді ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі. – Өйткені, арасында ең ескілері санатындағы саман мен ағаштан салынған және кірпіштен қаланған көне білім ордалары бар. Оның үстіне бала санының көбеюіне байланысты демографиялық көрсеткіштің әсерінен үш ауысымды және апатты мектептер сақталып келе жатыр. Үш ауысымды мектептің қазіргі саны – 148. Ресми түрде дәлелденген статистикалық мәліметке жүгінсек, бүгінгі таңда нақты 240 мың балаға орын тапшылығы бар екені анықталып отыр. 2025 жылға дейін жаңа тұрпаттағы заманауи мектептер дер кезінде салынып, пайдалануға берілмесе, алдағы екі жылда бір миллион екі жүз мың оқушыға мектептерде орын жетіспеу мүмкіндігі болжанды.
Шолпан Каринованың айтуынша, былтыр аймақтарда 247 мектеп салынып, 135 мың бала бір ауысымда оқуға мүмкіндік алған. 2021 жылы 277 білім ордасы пайдалануға беріліп, бір ауысымдағы 163 мың оқушыны қамтыды. Яғни, жыл ұзаған сайын мектепке баратын жеткіншектердің қатары қалыңдай түсіп, білім ордаларына сұраныс арта беретіндігі даусыз. Бұл басымдық маңызды мәселені мемлекеттік тұрғыдан жедел түрде әрі тиімді реттеудің қажеттілігін көрсетіп отыр.
– Президентіміз өткен жылғы сайлауалды бағдарламасында алдағы уақытта 1 миллион 500 астам мектепке баратын шәкіртті тиісті орынмен қамтамасыз ету міндетін жүктеді. Үкімет осы ұлттық жобаның шеңберінде салынатын 401 білім ордасы арқылы сегіз жүзден астам балаға жайлы мектеп арқылы жақсы жағдай жасауды жоспарлап отыр. Ұлттық жобаны іске асыру үшін жоғары атқарушы биліктің тарапынан бюжеттік заңнама мен білім беру бағытын реттейтін құқықтық құжатттарға тиісті өзгерістер енгізіліп, ресми түрде мақұлданды, – деді баяндамашы. – Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі №1008 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 49-тармағын орындау үшін Үкіметтің «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасын бекіту туралы (30.11.2022 ж, №963) қаулысы бекітілді. Осы құжатта біздің бейіндік ведомствоға ұлттық жобаны үйлестіруді, мониторингілеуді және әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету тапсырылса, «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде орта білім беру ұйымдары объектілерінің нысаналы құрылысы жөніндегі дирекция ретінде айқындалған.
ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрінің сөзіне сүйенсек, осы қаулыда мектеп құрылысын жүргізудің үш тетігі қарастырылған. Біріншісі – осы басқосуды талқыланып отырған бюджеттік инвестициялық жоба түрінде ерекшеленеді. Одан кейінгісі жеке меншік-мемлекеттік әріптестік аясында қамтылған. Үшіншісі – сатып алу бойынша жүзеге асырылатын жобалар. Енді жайлы мектептердің басқа білім ордаларынан ерекшелігіне тоқталсақ. Бұл жобаның құрылыс саласы бойынша және педагогикалық мақсаттағы екі үлкен бөлігі бары айрықша атап айтылды.
– Көптен күткендей құрылыс бөлігін бірыңғай стандартпен жасау жұмыстары басталды. Өйткені, бұған дейін мектептер құрылысына арналған бірыңғай стандарттың болмағаны белгілі. Сондықтан пайдалануға берілетін мектептер оқу жабдықтарымен, пән кабинеттерімен толық қамтамасыз етілмейтін. Ғимараттарды салу барысында көбіне сапасыз құрылыс және әрлеу материалдарының пайдаланылатындығын ұдайы сынға алатынбыз, – деді Шолпан Таңатқызы. – Мектептер құрылысын жобалауға, салуға мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдердің ұзақ уақыт жүргізілуі (пайдалануға берілгенге дейін орта есеппен 48 ай) объектілер құнының өсуіне, шарттарды бұзуға және «құрылыстың ұзақ уақыт салыну» проблемасына алып келеді. Және жосықсыз құрылыс салушылармен келісімшарттар жасау тиылмады. Нәтижесінде сыныптарда балалар санының шамадан тыс көп болуы (25-тен артық білім алушы), үш ауысымда оқыту, оқушы орнының тапшылығы сияқты мәселелер туындап, бұл олқылықтар білім сапасы мен балалардың әл-ауқатына кері әсерін тигізгені мәлім.
Шолпан Каринова ұсынған ресми мәліметтердің негізінде жайлы мектептерді салу кезінде осы уақытка дейін кедергі келтірген ежеу факторлары ескеріліп, жаңа тетіктердің енгізілгені белгілі болды. Жайлы мектеп жобасымен салынатын мектептердің тағы бір артықшылығы қала мен ауылдағы білім ордаларының арасындағы алшақтықтың жойылатындығымен де өте маңызды. Жаңа мектептерге сатып салынатын пәндік кабинеттер мен оқулықтар, құрал-жабдық, интернетке қосылуы мен қолданылатын компьютерлерге дейін басқа да қажеттіліктерді қоса алғанда барлық жерде бірдей болады. Яғни, тең жағдай жасалмақ. Мемлекеттік стандартқа байланысты бір балаға шаққандағы пән бөлмелерінің бекітілген көлемі арнайы ережелерге сәйкестігі қатаң сақталады. Жас ерекшеліктерін ескеру арқылы және психологиялық тұрғыдан бастауыш сынып, орта буын мен жоғары сынып оқушыларының оқитын пән кабинеттері мен асханалары және спорттық алаңдары бөлек қарастырылған. Бұл жайлы мектептерді құзыреттіліктердің орталығы ретінде қалыптастыру көзделіп отыр. Өйткені, бұл білім ордаларының арнайы сынақ тапсыру арқылы тағайындалатын директорлар мен олардың орынбасарларына қоса біліктілік курстарынан өтетін педагог мамандары бойынша да қуаттылығы жоғары. Сондықтан бұл мектептерде ұлттық бағалау жүйесі бойынша сыртқы бағалау бойынша да алғаш рет үлкен жұмыстар жүргізілмек.
Нұрлан МЕРАЛЫ
Миргуль ДЖИЛКИШИНОВА