Шығыс Қазақстан облысы: Digital дәуіріндегі заманауи мектеп
«Шығыс» өңірлік орталығының бастамасымен Самар ауданындағы Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп-лицейінде аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері мен облыс мектептері директорларының қатысуымен «Digital дәуіріндегі заманауи мектеп» семинары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Семинардың мақсаты – оқушылардың ойлауын қалыптастыруда компьютерлік сауаттылықты, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану, заманауи талаптарға сәйкес жан-жақты даму мен оқытуға жәрдемдесу, табысты тәжірибе алмасу. Аудандық білім бөлімінің басшысы Руслан Қуатқызы Закирьянова мен мектеп директоры Баян Қапезқызы Багисова мектептің тарихы, заманауи ақпараттық технологиялардың оқушылардың білім сапасын арттырудағы ықпалы туралы мәдімдеме жасады.
Семинардың практикалық бөлімінде бастауыш сынып, ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, физика, химия, математика және көркем еңбек пәндері мұғалімдерінің мақсаттан нәтижеге дейін, ойын түріндегі ұсынған дәстүрлі емес сабақтарында тақырыпты меңгеру процесі байқалды. Мұғалімдер ақпаратпен жұмыс істеудің тиімді әдістерін сенімді және сауатты қолданады, сабақтарда кезең-кезеңімен дербес оқу, интеллектуалды-танымдық және рефлексивті іс-шаралар сәтті ұйымдастырылды; практикалық қызметте білім мен дағдыларды қолдану үшін жағдайлар жасалды.
Мұғалімдер АКТ-ны белсенді қолданды, барлық кезеңдерде заманауи әдістер мен технологияларды қолдану байқалады. Самар ауылындағы шаруа қожалығының басшысы С. Жотабаевтың демеушілігімен «Әке рухы» атты география кабинеті салтанатты түрде ашылды. Оқу кабинеті заманауи жабдықтармен жабдықталған. Лицей сыныбының оқушысы «Жаңа аудан – жаңа ауыл» тақырыбындағы жобасымен таныстырды.
Загрузка...