ҚазҰУ Туркияға көмек қолын созды 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға белсенді көмек көрсетуде. Оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер табиғи апат орын алған сәтте бір күндік жалақысын аударды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Білім ордасында Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың бастамасымен жиналған қаражат 40 млн теңгені құрайды. Бұған қоса, көшбасшы университет арнайы гуманитарлық көмек беру орталығын ашты.

Жәрдем қабылдау пунктінде еріктілер қолдауымен киіз үйлер, көрпе-жастықтар, қалың төсеніштер, карематтар, ересектер мен балалар киімдері жиналды. Сонымен қатар қол шамдары, генераторлар, термостар мен жылыту пештері тапсырылуда. Жөнелтілетін жүк арнайы рейспен жуық арада жіберіледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий