Аймақтық зерттеу: ҚСЗИ және университет ынтымақтастығы

Ақтөбеде ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Ақтөбе облысы бойынша өңірлік өкілі тағайындалды. Өңірлік өкіл ретінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты Асхат Кеңесов бекітілді, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында өткен «КИСИ GPS. Gylym. Pikir. Sayasat» сараптама алаңының кезекті отырысында институт директоры Еркін Тұқымов мәлімдеді. Кездесу барысында университет ректоры Лаура Қарабасова Институттың өңірде ашатын алғашқы өкілдігі Ақтөбе өңірі үшін ғана емес, Батыс Қазақтан үшін маңызды іс-шара екенін атап өтті.
Өз кезегінде ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов еліміздің өңірлерінде білікті мамандар жұмыс істейтініне тоқталып, Жұбанов университетімен бірлескен жоба түрінде жүзеге асырылып жатқан бұл шара ҚСЗИ-дың алғашқы тәжірибесі екенін айтып өтті. Жиында қос тарап басшылығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының кадрлық әлеуеті және ресурстарын біріктіру аймақтық зерттеулерге серпін бермек.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий