Жоғары білім, зерттеу мен инновация “Білім үшбұрышы”: Маңғыстаудағы қазақ-неміс серіктестігі

Ақтау қаласында «Қазақ-Неміс Инжиниринг Институтын» құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазақстан мен Германия арасындағы бірлескен бастама аясында Yessenov University-де «Маңғыстаудың тұрақты дамуының инженерлік бағыттағы Қазақ-Неміс серіктестігі» такырыбында дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау облысының әкімі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі, DEAD, SVEVIND және басқа да университет серіктестері қатысқан дөңгелек үстелдің мақсаты – перспективаларды анықтау және үздік неміс тәжірибесін енгізу; экономика қажеттіліктерін ескере отырып, сапалы инженерия мамандарын даярлаудың өзектілігін талқылау; Германия жоғары oқy орындары мен Yessenov University кәсіби және мәдени ынтымақтастығын нығайту.
«Қазақ-Неміс инжиниринг институтын» биылғы жаңа оқу жылынан бастап логистика және энергетика мамандықтары бойынша студенттерді қабылдап, ағылшын, неміс тілдерінде оқыта бастайды. Білім алушылар 8 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша қос дипломға және үш дипломға ие болады. 2030 жылға дейін мың студентті оқытып, облыстағы Green Hydrogen жобасына қажетті кадрлар дайындап шығару жоспарланды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий