Семейлік ұстаздар жүлдегер атанды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қос ұстазы V Халықаралық «IMPACT Olympiad-2023» ашық шығармашылық байқауында жүлдегер атанды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Математика, физика және информатика пәндері  мұғалімдері мен олимпиадалық резерв жаттықтырушылары арасында өткен дәстүрлі байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Грузия, Ресей және т.б мемлекеттерден 200- де астам ұстаздар қатысқан. Олимпиада барысында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды.

Үш күндік байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Нұрғазы Тұрсынғазин күміс медаль, информатика пәнінің мұғалімі Жасұлан Амежанов қола медаль жеңіп алды. Әріптесіміз Нұрғазы Сейітқазыұлы зияткерлік мектеп жүйесінде – 8, Жасұлан  Жасболатұлы 3 –ші жыл еңбек етуде.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий