Ақмола облысы: Әбіш оқуларының үздік оқырманын таңдады
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық Әбіш оқуларының онлайн облыстық кезеңі өткізілді, – деп хабарлайды рсы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Іс-шара оқушылар арасында Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттауға, шығармашылық қабілеттерін, сөз мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Байқауға Ақмола облысының жалпы білім беретін ұйымдарының 133-ке жуық оқушысы қатысты. Әбіш оқулары төрт бағыт бойынша өткізілді: Ә. Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу; Ә. Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу; Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы; Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым.
Загрузка...Шығармашылық байқау барысында Ерейментау, Бурабай, Жарқайың, Бұланды, Көкшетау қалаларының балалары жақсы нәтиже көрсетті. Облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, II, III дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталды. Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз! Байқау жүлдегерлерінің толық тізімін Ақмола облысы білім басқармасының ресми сайтынан көре аласыздар.