Оқу-ағарту министрлігі: Қазақ тілінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдар ашу басым бағыт болып табылады
Қазақстанда балаларды ерте жастан дамытуға бағытталған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева хабарлады.

– 2022 жылдан бастап тәрбие-білім беру процесіне барлық жас топтарында қазақ тілін үйрену бойынша талаптар енгізілді. Педагог күні бойы үлгілік бағдарламада айқындалған сөздік минимумын қолданады және үйретеді, балалардың ауызша сөйлеуін дамытады, белсенді сөздікті байытады, қарым-қатынас мәдениетіне баулиды, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстырады, – деді ведомство өкілі.
Загрузка...