Жеңімпаздардың жемісті жолы
Еліміздің күнтізбесіндегі Алғыс айту күніне арналған ұлттық пікірсайыс турнирінің финалы қорытыланды. Екі күнге созылған турнирге 120 пікірсайысшы қатысты. Ал, Астана командасынан қазақ, орыс және ағылшын лигаларынан 8 оқушымыз бақ сынады. Нәтижесінде, елордалық пікісайысшыларымыз жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды Астана қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Атап айтсқ, орыс лигасында жүлделі бірінші орынды Аружан Ерлан мен Томирис Морская жеңіп алса, қазақ лигасында Әлихан Айтбаев пен Қымбат Бағдат үшінші қатардан көрінді. Ал, ағылшын лигасында үш орынды екі команда, Дина Айдын мен Сымбат Гүлмахан, Арухан Мырзәділова, Александр Ракутин жеңіп алды. Турнир жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен, ал команда жаттықтырушылары алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздарымызды кезекті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Загрузка...