Ғылыми технология: Дәстүрлі қолөнерді жаңаша дамытудың маңызы

Адамзат өркендеу процесінде ғылыми-технологиялық үдемелі дамумен бірге жасампаздық мәдениет құндылықтарын сақтауды көздейді. Мәдениет өркениетін қалыптастыру процесінде мәдениеттанушы, өнертанушы, сәулетші, қолөнерші  және басқа да мамандардың үлесі зор. Демек, мәдени құндылықтар өркениетінде ұлттық  дәстүрлі  мәдени-тұрмыстық игіліктерін өндіруші маман-ол ұста қолөнерші. Менің ұсталық өнердегі ұлық ұстазым, қазақтың көрнекті қолөнер шебері, педагог, этнодизайншы зергер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәркембай Шоқпарұлының (23.05.1946 – 20.052006 ж.ж) сөзімен айтқанда «Қазақтың дәстүрлі    қолөнері – өркениеттің мәдени мәйегі». Олай болса, қазақтың дәстүрлі қолөнер құндылықтарын инновациялық және философиялық тұрғыда талдап көрейік.

Қолөнер әлемі – адамзаттың мәдени-тұрмыстық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ететін көркем шығармашылық дүниелер. Қолөнерінің қоғамдық мәні туралы ой-пікірлер адамзат дамуының әр тарихи дәуірде өмір сүрген ағартушылар мен ойшылдардың еңбектерінде баяндалып отырды. Еңбек тәрбиесіндегі қол еңбегі мен қолөнершілік кәсібі туралы он жетінші ғасырда ағылшын экономисі Д.Беллерс, он сегізінші ғасыр мен он тоғызыншы ғасырдың бас кезінде ағылшын педагогі Роберт Оуэн, француз педагогі, әрі ойшылы Жан-Жак Руссо, швейцар педагогтері Иогани Генрих Песталоцци мен Эммануил Фелленберг «қолөнер кәсібі-материалдық тәуелсіздік» деген ортақ пікір жазды.

Он сегізінші ғасырдың аяғында қол еңбегі практикадан ғылыми теорияға ауысуына ықпал етуші факторлар шыға бастады. Оның негізі бұған дейін мүмкін болмаған іс, білім беруді заңдандыру болды. Білім беру ісін заңдандырумен Францияда Конвент айналысты. Конвент заң шығарушы жоғары орган болып табылды. Онда былай деп жазылған «9-параграф. Балаларды тәрбиешілер тұрмыс заттарын шығаратын мануфактуралар мен шеберханаларға апарып тұрады, онда олар өндіріспен танысу арқылы өнеркәсіптің артықшылықтары туралы түсінік алады, ал бұл оларды пайдалы еңбекке итермелейді.10-параграф. Мектептегі уақыттың бір бөлігі әр түрлі пайдалы қол еңбегіне жұмсалады».

Он тоғызыншы ғасырдың орта тұсында немістің ұлы ғалымдары Карл Генрих Маркс пен Фридрих Энгельс өнеркәсіп туралы құнды еңбектер жазды. К.Маркс «Капитал» деген еңбегінде «Еңбек пен капитал-қорланған еңбек» деп жазады. Оның мәні «Өнеркәсіп өндірісінде мол капитал жинаған кәсіпкер қоғамға экономикалық табыс әкеліп, қорланған еңбек құрайды». Ресейдің он тоғызыншы ғасырдағы демократ өкілдері, гуманистік идеяны жақтаушылар, ұлы жазушылар, әдебиет сыншылары, халық ағартушылары К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, В.Г.Билинский, А.Н.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов шығармашылық еңбектерінде қол еңбегі туралы құнды ғылыми теориялық мәндегі еңбектер жазды.

Солардың бірі Лев Толстой өнер туралы былай деп жазды: – Ғылым ақиқаты дүниені ғылыми тұрғыда бейнелеп, қоғамның рухани өмірінің ең маңызды мәні адам санасына ақиқат ғылым ұғымдарын енгізу болып табылса, ал өнер ұғымдары ақиқат ғылым ұғымдарын білім санасынан рухани санаға аударады.  Адамның психикалық құбылыстары эстетикалық қабылдау құралдары ретінде қызмет етеді». Он тоғызыншы ғасырдың аяғы мен жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ жерінде қолөнершілік кәсібі туралы ой пікірлер халық ағартушылыры Шоқан Уәлиханов, Ыбырай (Ибрахим) Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларында көрініс тапты.

Ы.Алтынсарин 1883 жылы В.В.Катаринский мен Я.П.Яковлевтің көмегімен Торғай бекінісінде «Яковлевтің мектебі» деген атаумен қолөнер мектебін ашты. Абайдың отыз үшінші қарасөзінде «Мал-бір жұттық, өнер-мәңгілік. Мал керек болғанда, қолөнер де қажет. Қазақтың әулиесі-осы алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнершілер». Абай философиясы адамның асыл қасиеттерінің бірі еңбек,яғни адал еңбекті уағыздайды. Жиырмасыншы ғасырдың аяғында қазақ ғалымдары Сәбит Мұқанов, Әлкей Марғұлан, Өзбекәлі Жәнібеков, Халел Арғынбаев, Салық Қасиманов, әйгілі ұста зергер Дәркембай Шоқпаров қолөнершілік кәсібі туралы тарихи-этногрфиялық және технологиялық сипаттағы мол мұралар қалдырды.

Бүгінгі жиырма бірінші ғасырдың басында ұлттық мәдениет өркениетін дамытудың қозғаушы күші, саяси негіздері мемлекеттік ұзақ мерзімді саяси стратегиялық бағдарламалар жоспарына енгізілді. Мемлекеттік деңгейде мақұлданған «Мәдени мұра», «Мәңгілік ел», «Ұлы  даланың жеті қыры» деп аталатын саяси-экономикалық және идеологиялық құндылықтарды атауға болады. Жоғарыда жазылған талдаудан шығаратын қорытынды сөз қазақ халқының дәстүрлі, төлтума қолөнершілік кәсібі адамзат дамуында әр тарихи дәуірде қол жеткізген өркениет құндылықтарымен бүгінгі ғылыми-технологиялық өзгерістерге бейімделіп қана қоймай, ұлы дала өркениетінің мәдениет құндылықтарын, тарихи мұраны сақтап қалды.

????????????????????????????????????

Демек, қазақ халқының дәстүрлі қолөнері – қоғамның даму процесінде ғылым мен инженерияның интеграциялық өрісінде мәдени өркендеудің эстетикалық идеалдарын, дәстүр мен әдет-ғұрыптық және этографилық нормаларын толықтырып отырады. Инновациялық даму мен дәстүрлік өндірісті өзара байланысқан жүйелер өрісінде дамытамыз. Инновациялық өрлеу үдерісінде дәстүрлі қолөнердің  технологиялық ядросын неғұрлым терең зерттеп, тарихи негіздерін жаңғыртсақ, соғұрлым оның құндылықтар дүниесі мәңгілік жасайды. Қазіргі инновациялық даму процесінде мен таңдаған мамандық «қолөнерші ұста» қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін деградациядан яғни жойылу процесінен сақтап қалады. Бұл өскелең жас ұрпақтың ұлттық тамырымыздан қол үзбеуін ойлайтын тәлімгер ретінде мен үшін өте маңызды қадам. 

Нұрлан Сәулебайұлы ЖАҚЫБАЕВ,
№1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының
көркем еңбек мұғалімі, Ақтөбе облысы,
Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий