Қызылорда облысы: Оқушыларға кәсіби бағдар

Аймағымыздағы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандық таңдау үшін оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда облыстағы барлық колледждер мектептерде түсіндірме жұмыстарын кең көлемде жүргізіп, экскурсия, ашық есік күндерін өткізуде, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

– Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды, – деді басқарма басшысының орынбасары Әзизбек Жәнібекұлы.

Жыл басынан бастап жүзге жуық мектептерде өткізілген кездесулерге бүгінде бір мыңнан астам жоғары сынып оқушылары қамтылып, оларға кәсіби бағыт-бағдар берілді. Айта кетейік, мамандық таңдау бағытындағы кездесулер мен ашық есік күндері облысымызда мамыр айына дейін жалғасып, барлық білім беру ұйымдарында өткізілетін болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий