Қоғамдағы педагог мәртебесі

Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. «Бір баланы адам етіп өсіргенше бір шаҺар апат болады» – дейді Шығыс даналығы. Ал, жеке тұлғаны қалыптастыру үшін қыруар уақыт пен тер төгетін үлкен жауапкершілік қажет.

 

Педагог –  жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол – өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы  саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп педагогтан өз өмірін оқу – тәрбие ісіне арналған шығармашылықты талап етеді

Қоғамдағы педагогтің сыртқы келбет мәдениеті, өзін – өзі басқару шеберлігі, педагогтің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу-тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр.

Педагогке қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Киім киісі, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Педагогтің әлеуметтік беделін көтеруді оның сабырлығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады.

Білімді педагогтің сөйлеу техникасы мен адамды түсіне білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады.

Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке жас  ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық деп атап көрсеткендей мектеп жасына дейінгі балаларды оқыта отырып, тәрбиелеу мектепке дейінгі педагогтардан үлкен жауапкершілікті жүктейтіні сөзсіз.

Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр  –  сырын анықтап, мүмкіншіліктерімен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.

Әрине ол үшін  мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. 

«Ұстаз болу – өз  уақытыңды  аямай, өзгенің  бақытын  аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай, балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін.  Педагог үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеп, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отырады. Бүгінгі таңда педагог беделі асқақтап тұр десек, артық айтқандық емес. Жаңа бағдарлама енгізіліп, мектепке дейінгі ұйымның педагогы өз білім-білік деңгейлерін арнайы тестілеу арқылы дамытып, жетілдіріп келеді. Өйткені, ұстаз – болашақты тәрбиелеп отырған жауапты тұлға.

2019 жылы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Бұл Заң ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленген. Мұғалімнің мерейін өсіріп, мәртебесін көтеруге бағытталған Заңның қабылдануының өзіндік мақсат міндеті бар.

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының мақсаты- педагогтердің мәртебесін арттыру, жүктемесін азайту, оларды жосықсыз тексерулерден және өздеріне тән емес функциялардан қорғау, ынталандыру бойынша өзге де мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу. Бұдан басқа, Заңда педагогтердің құқықтары мен міндеттері қарастырылған, сондай-ақ педагогикалық қызметке рұқсат беру талаптары белгіленген. 

«Педагог мәртебесі туралы» Заң педагогтерге серпіліс әкелді. Педагогтердің құқы арнайы заңмен қорғалатын болды деген ақпарат педагогтардың қоғам алдындағы еңсесін бір көтеріп тастағаны анық. Ал заңда көрсетілген педгогтың құқығы «Білім туралы заңда», «Еңбек кодексінде», т.б. заңдарда да бұрыннан бар болатын. «Педагог мәртебесі туралы» Заң да осы заңдар қатарында жатып қалмауы үшін педагог өз құқығын заңмен қорғай білуі маңызды.

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.

Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада.  Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі  өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі.

Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. Біздің балабақшамызда балаларға үздіксіз білім беруде барлық жағдай қарастырылған. Бала­бақшада балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педа­гогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы  жоғары. 

Осы уақытқа дейін мекеме басшысы ретінде балаларға үздік­сіз тәрбие мен білім беруде жаңартылған педа­гогикалық  технологияларды­ кеңінен қолдануына ықпал етіп, педагогтар ұжымы болып жұмыстанып келеміз.

Себебі қазіргі заман бала­ларының берілген ақ­парат­ты тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері жоға­ры дамығандығын байқауға болады. Қазіргі таңда мектеп­ке дейінгі білім беру мекеме­ле­рінде тәрбиешілер­дің­  ұста­нымы ауысқан: ол­ балаларға басшы емес, білім беру қыз­метінің тең қатысушысы. Мұн­дай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айта­рлықтай шамада анық­тайды, балаларға мінезін қа­лыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ой­лау­­ды,­  дү­­ние­танымды да­мы­­туға, сыни ойлауды қалып­тас­тыруға және жеке мүм­кін­д­іктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік б­ере­ді. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды ке­зең болып келеді.   Сондықтан осы шақта бала­лар­мен анағұрлым жан-­жақ­ты дамытушылық әре­кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон­­ша­лық­ты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұр­­пақ балабақшадан мектепке да­йын шәкірт болып шы­­ғады. Бала– болашағымыз, бала – қуанышымыз.   Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қам­ту өзімнің басты мақсат­тарым­ның бірі екенін қуана айта аламын.

Қазіргі таңда өткен күнмен салыстырғанда, мектепке дейінгі ұйым педагогтарының да мәртебесі зор. «Сырт көз сыншы…» дегендей көп азаматтар балабақшада қызмет етуді жеңіл санайды. Керісінше,    балабақшада ештеңеден хабарсыз пәк сәбилерді тәрбиелеу үлкен еңбекті талап етеді.

 Мен балаларды жанымдай жақсы көрем… Өйткені бала мен үшін пәк періште. Олардың әрбір қылығы менің жаныма қуат сыйлайды. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы…
Балалар балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, қандай аңғал, қандай таза еді… Әр бала өзінше бір әлем… Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл…  балабақша педагогының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге, қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеуде емес пе?! Жасыратыны жоқ, осы мамандықты таңдаған жандардың кәсібіне көңілі толмай қиындығын айтатындарда біздің іс-тәжірибемізде көп кездесіп жатады…..

Мен 30 жылдан бері бала тәрбиелеу саласында еңбек етіп келемін. Балабақшада он бес жылға жуық уақыт жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.

Қиындықсыз жақсылық болмайды… – дегендей біздер ауылдық жерде еңбек етеміз. Біздерді көбіне қинайтыны материалдық техникалық базаның төмендегі. Ақпараттық құралдардың аздығы. Қазіргі ата-аналардың көпке топырақ шашпайық,  кейбіреулері  педагог жұмысына көңілі толмай жатады . Сол уақыттарда педагогтің әрбір жасаған жақсылығын дәлелдеп шығу менің басты міндетім деп ойлаймын. Балабақшаға алғашқы күндері әкелген балаларды аяғына салып тербетіп ұйықтатып, горшокқа отыруды үйретіп отырған педагог мәртебесін неге көтермеске?!…

Жоқтан бар жасау арқылы жетістіктерімізде аз емес аудандағы жоғары дәрежелі балабақшалардың біріміз. Ауылымыздағы біздің «Ақбота» балабақшамызбен  ондағы қызметкерлердің мәртебесі жоғары болса екен деген тілегіміз біздерді болашаққа жетелейді.

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Құмқұдық селосы
«Ақбота» мектепке дейінгі ұйымы
Есмаганбетова Гулбагда Саркытовна
Меңгеруші

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий