Ақтөбелік зияткерлер желілік олимпиадада төрт алтын медал жеңіп алды

Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің қырық сегіз оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың желілік кезеңіне қатысты. Тоғыз жүзден аса NIS оқушылары жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардан білімдерін сарапқа салды. Ақтөбелік жиырма үш оқушы үздіктер қатарынан табылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

– Өткен жылдардағы республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласындағы NIS «Үздік олимпиадалық мектеп» атанды. Осы жолғы «жеңіс» оның тағы бір дәлелі. Зияткерлік мектеп қабырғасында оқушыларды дайындайтын Олимпиада орталығы табысты жұмыс істейтінін еске саламыз, – дейді Бекзат Байдирахманова, математика пәні мұғалімі.

Физика пәнінен алтын медаль алған Журунтаев, Айдана Айтөре мен Алишер Еркебаевты мектеп қауымдастығы өткен жетістіктерімен таниды. Тағы бір алтын медаль иегері – Сұлтанби Асланұлы сегізінші сыныпта оқиды. Жас дарын желілік олимпиаданың жеңіс тұғырынан алғаш рет табылуда. Сұлтанби үшін информатика – ең сүйікті пән. Өзі сегізінші сыныпта оқып жүрсе де, тоғызыншы сыныптарға арналған тақырыптарды жетік меңгерген.

– Информатиканың олимпиадасы қатып қалған ережелермен шектелмеген, бастысы – нәтиже. Шешу барысы қатысушының өзіне байланысты. Сондай-ақ бағдарламалауда шығармашылықпен жанасатын салалар бар. Бұл пәнді таңдаған себебім де осы, әрі менің ойлау қабілетімді дамытады. Келесі жылы да қатысып, абсолютті алтын медальға тырысамын, – дейді Сұлтанби Асланұлы, сегізінші сынып оқушысы.

Пәндік олимпиаданың желілік кезеңінің жеңімпаздары: І орын – Алишер Еркебаев, физика; І орын – Айдана Айтөре, физика; І орын – Дидар Журунтаев, физика; І орын – Сұлтанби Асланұлы, информатика; ІІ орын – Тұран Тұрсынбек, биология; ІІ орын – Асылбек Аманбаев, биология; ІІ орын – Азамат Бақыт, биология; ІІ орын – Батырхан Құттымұрат, физика; ІІ орын – Дильназ Жалғас, орыс тілі және әдебиеті.

Екінші орын – Алихан Калмағамбетов, география; ІІ орын – Ерлан Ұлыкпанұлы, география; ІІ орын – Джафар Мажитов, информатика; ІІ орын – Наби Ахан, математика; ІІ орын – Аян Алтай, химия; ІІ орын – Бағлан Русланұлы, химия; ІІІ орын – Амир Сарсенгали, физика; ІІІ орын – Амиржан Жылқайдаров, физика; ІІІ орын – Амина Лукпанова, биология; ІІІ орын – Ержан Мирасбеков, математика; ІІІ орын – Көркемай Өтеген, құқық негіздері.

Үшінші орын – Ислам Аманшиев, химия; ІІІ орын – Махаббат Аманбай, Қазақстан тарихы; ІІІ орын – Алуа Бисембай, информатика; ІІІ орын – Расул Елеуов, информатика; Зияткерлер күрделі олимпиадалық тапсырмаларды орындады. Әр баланың дарындылығын шыңдауға үлес қосқан ұстаздар мен ата-аналарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий