Түркістан облысы: Директорлар дебаты ұйымдастырылды
Түлкібас ауданындағы білім бөліміне қарасты мектеп директорлары арасында білім беру саласындағы, қоғамдағы өзекті мәселелерді талдау және шешу жолдарын қарастыру мақсатында “Intellektum dd2” Директорлар дебаты” турнирі болып өтті, – деп хабарлайды Түркістан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Алғашқы рет ұйымдастырылған директорлар дебатында мектеп басшылары Американдық парламенттік формат (АПФ) ойын барысында тез сыни ойлауға, логикалық ойлауға және сараптамалық талдауға негізделгенін баса назарға алды. Аталған іс-шараға аудан бойынша білім беру ұйымдарының басшылары бес қарар бойынша сөз сайысқа түсті. Жеке тұлғаның танымын кеңейтетін, қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді жете талдай алу қабілетін қалыптастыратын пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды:
І Дәрежелі дипломға ие болған «Босс» фракциясы – Ғ.Муратбаев атындағы жалпы орта мектебі мен С.Рахымов атындағы жалпы орта мектептерінің директорлары Байжанов Нурсерік Нуржанович пен Умаров Нурлан Кыдырбекович облыстық кезеңіне жолдама алды. Екінші дәрежелі дипломға «Бастау» фракциясы – О.Ағыбайұлы және «Алғабас-1» жалпы орта мектептерінің директорлары Агадилова Есенкуль Аристанбековна мен Сатыбалдиева Эльмира Пернехановна иеленді.
Ұшінші дәрежелі дипломға ие болған «Болашақ» фракциясы – «Жанкент» атындағы жалпы орта мектебі мен «Дауан» атындағы жалпы орта мектебінің директорлары. Төртінші дәрежелі дипломға «Ой қозғау» фракциясы Түркібасы атындағы жалпы орта мектебі мен Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің директорлары Расилов Ербол Кудайбергенович пен Асилбеков Нургиса Калыбекович ие болды. Дебат турниріне қатысушы білім беру ұйымдарының басшылары, берілген қарарларды еркін игеріп, өздерінің ой-пікірін шешендік қабілеті арқылы жеткізіп арнайы номинациларға ие болды.
Загрузка...