Маңғыстау облысы: “Ауылдық жерлердегі мектептердің әлеуетін дамыту” жобасы іске қосылды

Бейнеу ауданының Күйкен мектебі «Қазақстан халқына» қоры мен «Тұрақты білім беруді дамыту қоры» қоғамдық қорының «Ауылдық жерлердегі мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына қосылғаны жөнінде ақпаратты осыған дейін жариялаған едік. Бұл бағдарлама үздік педагогикалық тәжірибе мен әдістемелерді енгізу, тірек мектептерді қажетті материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз ету арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған.

Жуырда мектептің жаңаша жабдықталуы жұртышылыққа таныстырылды. Салтанатты шараға Бейнеу ауданының әкімі Б. Әбілов, Білім басқармасы басшысының орынбасары А. Тұржанова, білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Д. Тоқтарбаев, «Aitas Meat distribution» компаниясының бас директоры Г. Әлімғазиева, ардагер ұстаздар мен білім саласының қызметкерлері қатысты.

Білім ордасында аталған жоба аясында барлығы 38 кабинет, оның ішінде 12 бастауыш, 16 жоғары сынып оқу кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен жаңартылып, робототехника және информатика кабинеттері, STEM-зертхана, ART-студия, телестудия, музыка, инклюзияны қолдау кабинеті, шеберлік сыныптары қолданысқа берілді. Сондай-ақ, мектеп кітапханасы мұғалімдер, оқушылар және тіпті ата-аналар үшін қосымша білім беру ресурстық алаңына айналып үлгерді.

Білім сапасын арттыру мақсатында мектептің мұғалімдері Ақтау қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» мамандарымен педагогикалық іс-тәжірибе алмасуда.

Шохан ДЖАУЛЫЕВ,
Бейнеу аудандық білім бөлімінің
басшысы, Маңғыстау облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий