Алматы облысы: Жаңа мектепке – заманауи ұстаз

Талдықорғандағы №12 орта мектеп-гимназияның  базасында «Жаңа мектепке–жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI республикалық байқауының қалалық кезеңі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Жетісу облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

– Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, инновациялық  белсенділіктерін дамыту, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында аталған шара ұйымдастырылды. Бұл  қалалық сынға шаһар мектептерінен 21 жас маман қатысты. Бірінші кезеңде қатысушылар «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазып, ал  екінші кезеңде – «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында 5 минут  ішінде  қатысушылар өзін таныстырып, мамандығына деген көзқарастарын ұсынды. Ал, сынның үшінші кезеңінде  қатысушылары  бейтаныс сыныпта «Ашық сабақ» өткізіп, өзара бақ сынасты, – дейді  қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері М. Садуақасова.

«Жаңа мектепке–жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI республикалық байқауының  қалалық кезеңіндегі қорытынды бойынша   Б.Жолбарысұлы атындағы  №18 орта мектеп-лицейінің  жас маманы    Айдана  Құрманбаева жүлделі бірінші орынды иеленіп, облыстық сайысқа жолдама алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий