Алматы облысы: “Математикалық регата” олимпиадасы

Қонаев қаласындағы А.Жұбанов атындағы №5 орта мектепте жергілікті пән мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуін арттыру мақсатында республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының облыстық кезеңі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Олимпиадаға 15 командада алпыс педагог қатысып, ережеге сәйкес тапсырмаларды екі кезең бойынша орындады. Олимпиаданың 1 кезеңі төрт айналым бойынша жүргізілді. Қатысушылар алгебра, геометрия, логикалық, комбинаторлық және сандық негізде ұсынылған тапсырмаларды ұжымдық әрі жазбаша форматта 70 минут ішінде орындаса, екінші айналымда жекелей түрдегі жазбаша тапсырмалар жүзеге асырылды.  

Ал екінші кезеңде әр команда мүшелері тапсырмаларды жекелей жазбаша түрде орындап, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Қатысушы командалардың жұмысын сараптау комиссиясының құрамына енгізілген облысымыздың тәжірибелі математика пәні мұғалімдері мен облыстық мамандандырылған мектеп лицейінің мұғалімдерінің жұмыстарын бағалап, әр айналым нәтижелерінің хаттамалары қатысушылар назарына ұсынылып, олимпиаданың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етілді.

Олимпиада барысында қатысушыларға күрделілігі жоғары және әдістемелік талдаулар жүргізуі қажет есептер ұсынылып, педагогтердің кәсіби білімі жан-жақты зерделенді. Қорытындысында олимпиаданың республикалық кезеңінде топжарған төрт педагогке арнайы жолдама беріліп, аймақтың намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Алғашқы кезеңнің командалық сайысында бірінші орынды Іле ауданының өкілдері иеленсе, Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика, математика лицей-интернаты мен әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицей екінші қатардан көрінді. Үшінші орынды «Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика, математика лицей-интернаты №1 командасы мен Ю.Гагарин атындағы №8 мамандандырылған лицей және «Ұйғыр айданы» командасы өзара бөліскен болатын.

Екінші кезектегі жекелей кезең бойынша бірінші орынмен Сұлтан Нұрғазы Сұнғатұлы, (Балқаш ауданындағы Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі) және Мақұлбек Асылан Серікұлы (Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика, математика лицей-интернаты) марапатталды. Екінші орынды Байменов Тохтарбек Сапарбаевич, (Іле аудандық Ы. Ногайбаев атындағы №18 орта мектеп) пен Кудашов Жандос Кенжебекович (Қарасай ауданындағы М.Бейсебаев мектебі) иеленді.

Үшінші орын Халимбетов Бектемир Янгибердиевичке, (Жамбыл аудандық Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі); Исмайлов Есетбай Умирзаковичке (Іле ауданындағы Т Айбергенов атындағы №48 орта мектеп); Кеңесов Иманғали Ғалыжанұлына (Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика, математика лицей-интернаты) берілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий