Мектеп оқулықтарының сарапшылары кімдер?

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы 2005 жылдан бері мектеп оқулықтарын, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау үшін сыртқы сарапшылар жұмысын ұйымдастырып келеді. Сыртқы сарапшылар – мемлекеттік ғылыми-педагогикалық сараптама жүргізуге тартылатын тиісті біліктілігі бар ғалымдар мен мектеп мұғалімдері.

Олар «Сарапшылар базасынан» іріктеледі. Талап бойынша жұмыс өтілі 10 жылдан аз болмауы керек, арнайы оқу курсынан және сертификаттаудан өтуі шарт. Сондай-ақ тәжірибесі мен оқыту курсындағы тест нәтижелері ескеріледі.

Айта кетейік, 2021 жылы Дүниежүзілік банктің қолдауымен «Орта білімді жаңғырту» жобасы аясында BMSO-ның 40 штаттық және екі мың сырттан тартылған сарапшысы оқыту курсынан өтті. Сарапшылар курс барысында заманауи оқулықтардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды зерделеп, оқу басылымдарын, оның ішінде цифрлық оқулықтарды бағалаудағы жаңарған критерийлермен танысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий