Ұлытау облысы: Қанат қақты жобаның жаңалығы
Жезқазған қалалық білім бөлімінің бастамасымен “Айналайын” бөбекжайында «Мектепке дейінгі ұйым тобындағы күн ішіндегі екі педагог» қанат қақты жобасы аясында облыстық семинар ұйымдастырылды. Бұл басқосуға облыстық басқарма мен қалалық бөлімнің өкілдері, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлер мен тәрбиешілері қатысты, – деп хабарлайды Ұлытау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

”Айналайын” бөбекжайы басшысының міндетін атқарушы М. Досанова пилоттық жобаны жүзеге асырудағы тәрбие мен оқыту үдерісінің ерекшелігі туралы әңгімелесе, осы мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру орталығының психологы Г. Оразәлі психологиялық танымдық дамудың нәтижелерін ұсынып, тәрбиешілерге пайдалы арнайы тренинг ұйымдастырды. Практикалық бөлімде бөбекжай тәрбиешісі Д.Кудабаева мен Г. Мұқашева балалардың бастамасын қолдауға бағытталған тәжірибелерін ортаға салып, атқарылған жұмыстар туралы ойларымен бөлісті.
Загрузка...Семинар соңында қатысушылар арасында қалалық білім бөлімінің әдіскері Ш. Есенованың үйлестіруімен ерекше рефлексия жасалып, тәрбиешілер мен әдіскерлер жүздесуден алған әсерлерінің негізінде ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жиналғандар бұл шараның мазмұнды да сапалы ұйымдастырылғанын айрықша атап айтып, алдағы уақытта ортақ мақсатты көздейтін пайдалы кездесулерді жиі өткізу қажеттілігін мақұлдады.