“Ханталапай” балалар сайысы

№115 білім ордасында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында қалалық «Ханталапай» балалар сайысының ақтық ойынының финалдық кезеңі ұйымдастырылып, бұл ойынға он алты балабақшаның 80 тәрбиеленуші қатысты, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, іс-шараның құрметті қонақтары бұл басқосуға «Асық ату» федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрағасы Қ.Каршалов пен асық атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері С.Жиеналин арнайы шақырылған болатын. Қазылар алқасы қалалық балалар байқауының қорытындысын шығарып, жеңімпаздардың есімін анықтады.

Бас жүлде 46 ұпаймен бәсекелестерінен оқ бойы озық көрінген №61 бөбекжай-балабақша ұжымына бұйырды. Бірінші орын – №3 (75 ұпай) және №44 (75 ұпай) балабақшаларының қанжығасына байланса, екінші орынмен №15 (73 ұпай), «Әйгерім-Ай» (73 ұпай), №8 (71 ұпай) және №11 (70 ұпай) балабақшалары марапатталған еді. Жүлделі үшінші орынға №16 (67 ұпай), №17 (66 ұпай), №14 (66 ұпай) және «Бөбек» балабақшалары (61 ұпай) ие болды.

Жеңімпаздарға қалалық білім бөлімі мен «Асық ату» федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының арнайы Грамоталары табысталып, қала әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдарына қоса естелік сыйлықтар үлестірілді. Үздіктерді кезекті жетістіктерімен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий