Жүз елу жас математик Ө. Жолдасбеков атындағы зерттеу жобаларының халықаралық байқауында сынға түседі

Наурыз айының 1-3 аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласында Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІІ Халықаралық ғылыми жобалар конкурсы өтеді. Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан жиналған 150 оқушы өзара бақ сынайды, – деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
– Қатысушылар «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика» және «Экономикадағы математикалық әдістер» бағыттары бойынша ғылыми жобалар қорғайды. Жеңімпаздар алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады, – дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.
Айта кету керек, байқаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының YouTube арнасында тікелей көрсетіледі. Байқау Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің базасында өтеді

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий