Ақмола колледждерінің педагогтары – еліміздегі үздік педагогтар!

Көкшетау қаласында өткен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен республикалық кәсіби шеберлік конкурсында үздіктерді таңдады. Аталған байқауға еліміздің барлық өңірлерінен педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беретін пәндер колледждерінің педагогтары қатысты, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.


Облыстық байқау отанымыздың үздік он колледжінің қатарына кіретін және «Білім беру» бейінінің республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі болып табылатын Жанайдар Мусин атындағы жоғары Қазақ педагогикалық колледжінде өткізілді. Мұнда 2016 және 2019 жылдарының «Үздік педагог» атағын иеленген екі педагог, 5 Педагог – шебер жұмыс істейді.

Қатысушылар үшін тапсырмалар педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасын, оқыту сапасына қойылатын заманауи талаптарды, ТжКБ жүйесіндегі негізгі бағыттарды және оқу-тәрбие принциптерін ескере отырып әзірленді. Бағалау WorldSkills стандарттарын қолдана отырып жүргізілді.

Бағыты бойынша жалпы білім беру пәндерінің педагогтері нің (ЖББП) ішінде жеңіп алғандар: Гран-при: Редько Надежда Сергеевна – Ақмола облысы, Жоғары педагогикалық колледж, Щучинск қаласы, жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы; 1 орын: Нұрғабылова Жаннұр Нұрғабылқызы – Атырау облысы, Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі, арнайы пән оқытушысы, Педагогика ғылымдарының магистрі.

Екінші орын: Атыгаева Жания Еркынкызы – Павлодар облысы, Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы; 3 орын: Шалапова Гулнур Набихановна – Қызылорда облысы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, арнайы пән оқытушысы, Педагогика ғылымдарының магистранты, педагог-модератор.

Педагогикалық пәндерден дәріс беретін педагогтары арасында жеңіп шыққандар: Гран-при: Ташенова Айжан Кадырбаевна – Ақмола облысы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, Педагог-шебер, заң ғылымдарының магистрі; 1 орын: Седова Анастасия Викторовна – Қарағанды облысы, Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі, ағылшын тілі оқытушысы, Педагог-сарапшы.

Екінші орын: Салихова Ботагоз Уринбасаровна – Алматы қаласы, №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжі, информатика пәнінің жоғары санатты оқытушысы; 3 место Тастемирова Назипа Эксановна – Павлодар облысы, Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжі, Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, Педагог-шебер.

Номинациялар бойынша: «Шығармашыл педагог», «ІТ құзыретті педагог», «Креативті педагог», «Ізденімпаз педагог», «Тапқыр педагог»: Жумкина Дидар Боранкуловна – Қарағанды облысы, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі, Педагогика пәнінің оқытушысы, Педагог-сарапшы; Оразова Гулхашима Куандыковна – Қостанай облысы, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі, екінші санаты арнайы пәндер оқытушысы;

Кәдірғалиев Базарғали Әбуғалиұлы – Батыс Қазақстан облысы, Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы, Педагог-сарапшы; Нурланова Айгерим Куандыковна – Абай облысы, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Педагог-сарапшы; Ниетбаева Кабира Туремуратовна – Ақтөбе облысы, Ақтөбе гуманитарлық колледжі, География пәнінің оқытушысы, Педагогика ғылымдарының магистрі, Педагог-шебер.

Мендибаева Мулдир Болатбековна – Қызылорда облысы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші, магистр; Нурпеисова Еркеш Болатбековна – Абай облысы, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші, филология ғылымдарының магистрі.

Тасжанова Меруерт Джаксылыковна – Маңғыстау облысы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі, бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы; Аташов Сержан Кулдыракович – Түркістан облысы, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, Педагог-зерттеуші. Біздің жүлдегерлер мен қатысушыларды құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий