Мектептің даму мен өзгерістерді басқару: Басшының өзін-өзі дамыту бағытындағы жұмысы
Білім беру ұйымы басшысына басқаруды жүзеге асыруда жаңа көзқарас пен инновациялық қызметті ұйымдастыруды талап етеді. Мектептетің алға қарай дамуы ең бірінші, ынтымақтастық ортаны құрудан басталады. Мен ынтымақтастық ортаны қалыптастыруды қолға алып, ең бірінші тәжірибеден соң ынтымақтастық ортаны құрып алдым. Өзімді қазіргі таңда табысты директормың деп есептеймін. Оған себеп жаңа бағдарлама жайлы толық түсінікті педагогикалық шеберлік орталығында оқу арқылы дағды қалыптастырдым.

Мектепті басқарудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, мұғалімдерді ортақ іске жұмылдыру және жетістікке жету жолын қарастыруды негізгі мақсат етіп келемін. Сол арқылы да жетістіктерге жетіп жүргенімді мақтанышпен айта аламын. Әрбір оқушының жеке даралығына қатысты проблемаларды шешу үшін ынтымақтастық жүргізуде өте мұқияттылықты қажет етеді. Бұндай өзгерістерді іске асыру үшін барлық мұғалімдер өздеріне міндеттеме алулары керек, сондай-ақ анағұрлым тәжірибелі және дарынды педагогтердің атсалысқаны дұрыс деп ойлаймын.
Oқушылардың оқу үлгерімін жақсарту үшін оқушыларға қосымша сабақ беру, әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеуге атсалысатын мұғалімдерді таңдауға қиынға түскен жоқ. Себебі, мектепте дeңгeйлік бағдарламаны оқыған мұғалімдер бар. Деңгейлік бағдарлама барлық мұғалімдерді оқу тәжірибесін өзгерту үшін не істеу қажет, сонымен қатар осы өзгерістерді қалай eнгізу керектігі туралы негізгі идеялармен тaныстырады.
Сондықтан, деңгейлік бағдарлама оқыған тоғыз мұғалім өз еріктерімен қоғамдастық тобына кірді, сонымен бірге, тәлім алушы І деңгейлік бағдарламасын оқыған М.Оспанова, ІІ деңгейлік бағдарламасын оқыған Орынтай Мұратхан, оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарым А. Бүйенбаева кірді, тобының мүшелері бірлeсіп жұмыс істеуге атсалысқан жағдайда ғана, мектебімді дамыту ісі нәтижелі болатынына көзім жетті.
Бірлесіп жұмыс істеуге атсалысамын деп өз еркімен өзгеріс eнгізу тобына кіремін деген әріптестер болсa, алдымдағы тәжірибемде өзгеріс енгізу мүшeлерінің құрамында өзгеріс болады деп ойлaймын. Мектептi дамыту жоспарын жүзеге асырудағы жүйелiлiк мұғалiмдердiң жаңа форматтағы сабақтар өткiзу барысында және тәлiмгерлiк үдерiсiне қатысуда, алған бiлiмдерiн практикада қолдану барысында байқалған кәсiби дамуға деген ықыластарының оянуына мүмкiндiк туғызды.
Егер мұғалім өз тіжірибесіне рефлексия жасамаса, ол тек қана сабақ беруші болып қала береді, оқушылардың оқудағы жетістіктерін бақылай алмайды, сабақта сәтсіз болған аспектілерге өзгеріс еңгізбейтінін көрсетеді. Талдау нәтижесі перспективті жоспардың басты басымдықтарын айқындады: сабақты өткізу форматын өзгерту, белсенді әдіс –тәсілдерді еңгізу, өз тәжірибесіне рефлексия жасауға дағдыландыру; сабақта «Kahoot» “Plikers” “QR kode” “Google disk” атты ЦОР –ларды қолдануға үйрету.
Осы іс –шаралар барысында оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері мен ЦОР түрлерімен жұмыс қалай жасау керектігі көрсетілді. Сонымен қатар ұстаздардың тәжірибесін жақсартатын тиімді тәсілдердің бірі «Lesson study» –сабақты зерттеу тәсілінің теориясы мен қолдану практикасы зерделенді. Сегіз мұғалімнен тұратын ынталы топ отырысын өткізіп, олардың 7“А” сынып туралы пікірлерін білдік және сыныптағы бақылауға алынатын оқушыларды айқындай отырып алдағы уқытта зерттеу сабағын жүргізудің бірлескен жоспарын жасадық.
Ол үшін нысанаға алынған 7 сыныпқа сабақ беретін, екінші деңгей курсын бітірген қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі 7“А” сыныптың, сынып жетекшісі Орынтай Мұратхан мен сынып жайында бейресми сұхбат жүргіздім. Сұхбат барысында сынып жайлы ақпараттар жинақтап, оқушылардың сабаққа деген ынталарын білдім. Топ мүшелеріне жоғарғы, орта, төменгі деңгейдегі оқушылардың бақылауға алынатынын ескерттім.
Жоспар жасалғанда оқушыларды қызықтыратын әртүрлі әдіс- тәсілдерді енгізу керектігі басты назарға алынды . Нысанаға алынған 7 сынып бойынша қазақ тілі сабағынан «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш» тақырыбында сабақ өтті. Пән иесі М. Орынтай сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануы, оқушыларды өзіне баурап алуы, сабақ өткізу методикасының жетіле түскендігі, мұғалімнің тәжірибе сабақтарында, коучинг үдерісіне қатысып кісіби мұғалім ретінде қалыптаса бастағанын байқадым.
Іс-әрекетті зерттеу сабағында бақылауға алынған үш оқушы А тобындағы үлгерімі жақсы Арайлым, В тобындағы Марғұлан мінез құлқына байланысты ерекше назар аударуды қажет етеді, және С тобындағы Айбол мүлдем үндемейтін оқушы. Бұл оқушылар 1 цикл сабақтарында да бақылауға алынып азда болса тәжірибе нәтижелерін көрсеткен. Сабақ барысында А тобындағы оқушының көшбасшылық қабілеті қалыптаса бастағанын аңғардым. Ал С тобындағы оқушының сабаққа деген ынтасының төмендігі қиындық туғызды. Оқушының ойының әлі де болса шашыраңқы екені байқалды.
Айдын Бақбергенұлы МЕЙРБЕКОВ,
Жалғызағаш орта мектебінің директоры,
Жетісу облысы, Ескелді ауданы