Таңсәуле Серіков: Министрлік инклюзивті тұлғалардың жоғары білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Таңсәуле Серіков жоғары оқу орындарының 2022 жылғы үздік оқытушыларының бірі болып танылды. Өткен аптада Астанада жоо-лардың үздік оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті. PhD докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Таңсәуле Серіковты ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек марапаттады.
Таңсәуле Серіков – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, 4 монографияның, БҒССҚК, РҒДИ, Scopus, Web of science базасына кіретін 50-ден астам ғылыми жарияланымның, 10 оқу құралының авторы. Көптеген шетелдік конференцияларда мақұлданған және жоғары импакт-факторы бар ғылыми басылымдарда жарияланған 70-тен астам ғылыми еңбектері бар. Хирш Индексі – 5.
Айта кетсек, Таңсәуле Серіков тек оқытушылық және ғылыми қызметпен ғана айналыспай, сонымен қатар көрнекті қоғам қайраткері болып табылады. Қазіргі уақытта ол «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер болып, мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелерін көтеруде.
– Елімізде ресми түрде 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген екен. Мемлекет тарапынан мүгедектігі бар азаматтарға сапалы білім алу, еңбек қабілеттілігіне сай жұмыс істеу және өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезініп, өмірден орнын табуына жол ашатын түрлі жобалар мен іс-шаралар қарқынды түрде жүргізіліп отыр. Мен – сол адамдардың бірімін.
Өзімнің сүйікті ісім – студенттерге сабақ беру мүмкіндігі үшін және оның бағаланғандығына қуаныштымын. Ерекше білім қажеттіліктері бар жандарға құлақ асып, олар үшін жоғары білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтын бейінді министрлікке алғысымды білдіргім келеді, – деді салтанатты сөзінде Таңсәуле Серіков.
Естеріңізге сала кетейік, байқауда еліміздегі 43 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 6 млн теңге сыйақымен қатар төсбелгі де табысталды

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий