Қостанай облысы: “Білім – инновация” лицейінің бірден алты түлегі Гонконг университеттерінде оқуға грант алды

«Білім – инновация» дарынды оқушыларға арналған Қостанай лицейі оқушылардың дайындық деңгейімен танымал. Соңғы жылдары лицейдің жоғары сынып оқушылары республикалық және халықаралық ғылыми жарыстар мен олимпиадалардың тұрақты жеңімпаздары атанды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Лицейдің 6 түлегі бірден әлемдегі ең үздік 100 университеттің қатарына кіретін Гонконг университеттерінде тегін оқуға грант алды. Алпамысов Мақсат (математикадан олимпиада жеңімпазы) , Самойленко Арсений (физика) және Мысыр Диас (физика) City University of Hong Kong грантын алды. Базылтай Нұрлан (биология) – Hong Kong University of Science and Technology.

Екі түлек одан әрі оқу орнының екі грантын таңдай алады: Сауқынбай Аңсар (орыс тілі) City University of Hong Kong немесе the Polytechnic University of Hong Kong, ал Бексұлтанов Асанәлі (физика) – City University of Hong Kong немесе Hong Kong University of Science and Technology. Бұнда лицей педагогтары: физика пәнінің мұғалімдері Қанатов Райымбек пен Серік Мақсат, математика пәнінің мұғалімі Сейдуәлі Дарын, орыс тілі мұғалімі Сарманова Сайран және биология пәнінің мұғалімі Жүнісбеков Нұрдәулеттің қажырлы еңбегі жатыр.

Университеттерге түсуге лицейдің кәсіби бағдаршысы Райымбек Қанатов үлкен көмек көрсетті. Балаларға табысты оқу тілей отырып, таңдаған кәсіби жолында нағыз маман болыңыздар дегеіміз келеді!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий