“Технологияларды коммерцияландыру реакторы” – ғылым мен бизнесті біріктіретін диалог алаңы

Қазақ тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының алаңында Ғылым қоры ғылым мен бизнесті біріктіру үшін «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» мамандандырылған диалог алаңын ұйымдастырды, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Іс-шара аясында еліміздегі жоғары оқу орындары мен ҒЗИ ғалымдары Ғылым қорының бизнес-серіктестер клубының мүшелеріне, кәсіпкерлер мен әлеуетті инвесторларға ғылыми идеялар мен әзірлемелер ұсынды. Әрбір қатысушы талап бойынша 3 минут ішінде әлеуетті бизнес-серіктестерге олардың ғылыми дамуының коммерциялық құндылығын жеткізуге тырысты.
Ұсынылған жобалардың қатарында пайдаланылған өсімдік майларын экологиялық тазарту, өрт сөндіру стикерлерін дайындау технологиясы, Space 3D индустриялық принтері, теңдестірілген құрамы бар функционалды май, қатты теңіз шырғанақ майы және т.б. бар.
Мұндай диалог алаңдарын өткізу – ғылым мен бизнестің интеграциясын күшейтуге бағытталған. Мұнда бизнес өкілдері ғалымдарға жаңа өндірістер құра отырып, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын іске асыруда барынша нәтижелерге қол жеткізуге, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарын құрып, бюджетке салық түсімдерін көбейтуді қамтамасыз етуге көмектесе алады.
Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки, Қазақ өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Нұржан Мүсілімов, Ғылым қорының басқарма төрағасы Әбділда Шаменов, QazInnovations Басқарма төрағасы Санат Аханов, «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы директорының орынбасары Дархан Сейітқазин, 8 спикер-ғалым, 50-ден астам бизнес өкілдері қатысты.
Ғылым қорының, QazInnovations, «Өнімді инновацияларды қолдау» жобасының (Дүниежүзілік банк) өкілдері технологияларды коммерцияландырудың гранттық қаржыландыру бағдарламаларына қатысу шарттары туралы айтты. Сондай-ақ өңдеу және тамақ өнеркәсібіндегі ғылыми қызмет нәтижелерінің көрмесі ұйымдастырылды, онда бизнесмендер мен ғалымдар технологияларды бірлесіп коммерцияландырудың табысты тәжірибесімен, қол жеткізілген көрсеткіштермен және даму жоспарларымен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша бизнес-кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдар арасында ҒҒТҚН коммерцияландырудың 5 жобасы аясында бірлескен қызмет туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Олардың ішінде «Тоқыма өндірісінің қалдықтарынан қайта қалпына келтірілген талшық», «Өсімдік майларын қалпына келтіру цехын ұйымдастыру», «Микрокапсулалық өрт сөндіруге арналған жапсырмалар», «Populus» плантациялық орман өсіру, «Элиталық таңқурай сорттарының вируссыз отырғызу материалдарын өндіру». РҒТҚ коммерцияландырудың жаңа жобаларының жалпы құны шамамен 2 млрд теңгені құрайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий