Атырау облысы: Шағын жинақты мектептерге арналған семинар

Әдістемелік орталықтың бастамасымен шағын жинақты мектептер арасында облыстық «Заманауи мектептегі табысты мектеп командасы» атты семинар–практикум ұйымдастырылды. Мақсат – шағын жинақты білім беру ұйымдарында мектеп командаларының жұмыстарымен танысу, тиімділігін көріп өз жұмыстарына пайдалану және іс-тәжірибелерін тарату, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған жиынға Исатай ауданынан «Бастау», Индер ауданынан «Бірлік», Құрманғазы ауданынан «Спорт және өнер», Махамбет ауданынан «Жалын» және Қызылқоға ауданынан «Ғибрат» командалаыр қатысып өз жұмыстарын көрсетіп, жобалардың міндет-мақсатын және күтілетін нәтижелерін, оның іске асып жатқандағы тиімділігі мен осалдау жақтарын, сонымен қатар оқушылармен ата-аналардың пікірлерінің динамикасын шығарып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Жасалып жатқан жұмыстар бойынша кері байланыста жұмыстар қызу талқыланды, қатысқан білім беру ұйымдарының педагогтері белсенділік танытты. Қазіргі заманда мектепішілік жұмыстың өзі осы мектеп командасымен үйлесетінін, жобаларды іске асыруға жақсы әсер беретінін оның тиімді жақтарының айтып, алға қарайда жалғастыруды ұсыныс етті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий