Батыс Қазақстан облысы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қалалық семинары

«Өзін ашқан тұлға өзгені де ашады…», – дейді қазіргі қазақ жазушысы Дидар Амантай. Орал қаласының білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес, №19 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың тұлғалық әлеуетін дамыту» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қалалық семинары өтті, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың тұлғалық әлеуетін қалыптастырудағы мұғалім рөлін айқындау. семинар «Мен кіммін» әдісі арқылы ұстаздарды қабылдап, танысу бағытында тренингтер өткізіліп, педагогтердің ұйымдастыруымен іс-шараларға жалғасты. Қазақ тілі пәні бойынша А.Аманғалиева 5 «Ә» сыныбына «Мінез – жанның айнасы. Тәуелдік жалғауы» тақырыбында, қазақ әдебиеті пәні бойынша Ә.Бисеналиева 9 «А» сыныбына «Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романындағы Ұлпан бейнесі» тақырыбында, қазақ әдебиеті пәні бойынша Г.Е.Нұрғали 10 «Б» сыныбына «Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.
Ұстаздардың ашық сабақтарында түрлі белсенді оқыту тәсілдері көрсетілді. Семинардың келесі кезеңі шығармашылық бағытты дамыту мақсатында А.Рыскалиева мен С.Шакетова «Шығармашылық тұлға. Ізденіс. Жетістіктер» тәжірибе алаңын, А.Халелова мен Д.Орақ «Махамбет — даланың дауылпаз жыршысы» әдеби сазды кешін ұйымдастырды.
Тәжірибе алмасудан кейінгі кері байланыс кезінде ұстаздар ашық сабақтардан жаңа әдістер үйренгендерін, сыныптан тыс шара мен тәжірибе алмасудан түрлі ақпараттар мен жоба жазудың қыр-сырын меңгергендерін жеткізді. Бұл кері байланыс – семинардың мақсатқа жеткендігінің нәтижесі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий